Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Жеке өмірін жасырған жұлдыздардың құпиялары белгілі болды

1019

Қазақстандағы ең танымал әншінің әйелі кім және немен айналысады? Неге оның инстаграм парақшасы жоқ, неге Қайрат Нұртас әйелімен бірге түскен суреттерін желіге жарияламайды, ал мерекелік іс-шараларда жалғыз өзі келеді? Бұл әншінің тыңдармандары қойғысы келген сұрақтар.

Әйелінің аты Жұлдыз Әбдукәрімова. Ол “әйелін көпшілікке жария қылғысы келмейтіндігінің себебі нәзік жанды тындармандарынан айырылып қалмау” деген өсектер де шыққан.


Бірақ, бұл жағдайдың нүктесін күзде шығатын жаңа “Келін” фильмі қояды. Кино туынының бас кейіпкерлері ретінде Қайрат және оның әйелі түспек. Жұлдыз жоғарғы оқу орнын актриса мамандығы бойынша бітірген және ол фильмнің бас кейіпкері ретінде сомдауды бұрыннан армандапты. БАҚ-тың мәліметінше, әншінің 3 баласы бар, бірақ көпшілік қазір ол 4-ші баласын сүйді, дейді. Жаңа фильмнің түсірілімін де басқа әншілер сияқты желіге жарияламаған. Әзірге анасы мен баласы осындай “позиция” ұстауды жөн көріпті.

Қарлығаш Мұхамеджанова


Қарлығаш Мұхамеджанованың үйлену тойы 2012 жылдағы шоу бизнес жаңалықтарын біраз шулатып еді. Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенова мен танымал композитор Төлеген Мұхамеджанованың қызы кәсіпкер Бекболат Балғымбаевқа тұрмысқа шықты. Қарлығаштың өзі үйлену тойын БАҚ-қа жариялаған жоқ. Қазіргі күнге дейін отбасылық жаңалықтарын құпия ұстайды. Сонымен қатар, ол ана болғандығын да елден жасырады. Бірақ, ол қызын көрсетпесе де, балаларға арналған бесік арбасын жариялауда.

Әсел Сағатова


Танымал режиссер Ақан Сатаевтың бернеше фильмінде басты рөлді сомадағаннан соң Әсел Сағатова танымал бола бастады. Ол, сонымен қатар,2013 жылы шыққан “Назарбаев Live” документалдық фильмінде елбасыдан сұхбат та алған. Сол жылдары актриса экран алдында, жарнама компанияларының жұлдызына айналды.
Сағатова Қазақстан Республикасының бұрынғы экология министрі Камалтин Мұхамеджановтың ортаншы ұлы, кәсіпкер Ради Мұхамеджановқа тұрмысқа шықты. Алайда, алғашқы ұлы Алдияр туғаннан соң, ол жұмысын тоқтата тұрды. Сағатова ұлын Сауд Арабиясында босанды. 2014 жылы Әсел алты айлық ұлымен “Рэкетир” фильміне түсті.


Көп уақыт бойы Әсел инстаграм желісіне сурет салған жоқ. Алайда, жақында Астанадағы пәтерінде ремонт жасап біткендігін хабардар етті. Мүмкін Әсел Сағатова бір емес, екі баланың анасы да атанған шығар. Ол өзінің жеке өмірін жасырғандықтан, көпшілік қауым оның отбасысы жайлы көбірек білуге ынтыға түседі.

Айнұр Ілиясова


Айнұр Ілиясова мен жұбайы Дәулеттің үйлену тойына көптеген танымал қазақстандық актерлер мен әншілер келген. Бірақ, Айнұр тұрмысқа шықпас бұрын да, шыққаннан соң да жұбайын көрсеткен емес. Тек көпшілік түскен суретте ғана оны көруге болады.

Жаңа туған қызын да Айнұр желіге түрін көрсетпей жариялайды. Декреттік демалысында Айнұр мамыр айының соңында жүкті әйелдер мен баласы бар аналарға “БөпеFair” деп аталатын жәрмеңке ұйымдастырды. Экран алдындағы белсенді өмірін сағынған Айнұр, енді жас аналардың аудиториясында қызмет етіп жүр.

Рано Умарова


Қазақстан шоу-бизнесінің тағы бір нәзік жандысы жүктіліктің соңғы айларында түскен суреттерін жариялаған болатын.

Тұңғышын туғаннан соң да желіге жарияламай тіл-көзден сақтанғысы келген екен. Алайда, ұлымен түскен суреттерін желіге жариялады. Бірақ, ұлының бетін әртүрлі инстаграмдық жапсырмалармен жасырып қояды. Ал, жұбайы Арманмен түскен суреттерін әнші ешқашан жариялаған емес.

Аружан Жазылбекова


Актриса Аружан Жазылбекова мен режиссер Ахат Ибраев 2013 жылы отау құрған. Жұп әлі күнге дейін көпшілікке құпия.Соңғы жылдары сәтті отандық фильмдерге көптеген ұсыныс алып жүрген актриса отбасылық өмірін құпия сақтап, бақытты сәттерімен рахаттанып жүргісі келген шығар. Кім біледі…

Нұртас Адамбай


Ньюсмейкер, режиссер және шоумен Нұртас Адамбай әйелімен қарым-қатынасы қуантарлық жағдайда емес екендігін айтқан болатын. Бірақ, жұп қайта қосылып, жалғыз баласын тәрбиелеп жатыр. Нұртастың желідегі суретерінен оның ұлымен түскен бірнеше суреттерін табуға болады. Олар демалыста бірге уақыт өткізгенді ұнатады екен. Адамбай, басқа әріптестері секілді, жұбайын көпшілікке көрсеткенді ұната бермейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз