Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жеке дара…”. Азамат Сатыбалды жұбайымен бірге тұрмайтынын айтты

288

Иә, «сенім бар жерде сезім мен сыйластыққа сызат түспейді» – дейді Сатыбалды

 

https://kaz.365info.kz/zhanardy-zhakhsy-korem-azamat-satybaldy-nelikten-zheke-teatr-ashkhanyn-ajtty-304621

 

Қазіргі таңда Қарабалина қос астанамызда кәсібін қатар дөңгелетіп жүр екен. Актрисаның Алматыда шұғыл шаруасы шықса шауып келетіні бар.

Мәселен, Алатау баурайындағы кешегі күн, жұлдызды жұп үшін ностальгияға толы болды. Өйткені, Азамат пен Назгүлді театр сахнасында серіктес қылған «Махаббат дастаны» спектаклінің 100-ші қойылымы өтті, әрі ерлі-зайыптылар Қозы мен Баянды соңғы рет сомдады.

 

https://kaz.365info.kz/gylbarshyn-tergeubekova-zhazushy-didar-amantajmen-azhyrasuynyn-sebebin-ajtty-video-304594

 

«Спекткальді қойып бастаған кезде Назгүл екеуіміз қыз бен жігіт ретінде жүріп бастағанбыз. Биыл Назгүл екеуіміздің отбасы болғанымызға міне 15 жыл болды. Ал, «Махаббат дастанының» жүргеніне 17 жыл болды», – дейді Азамат.

Енді бұл жұптың театр мен кино алаңында серіктес болуы екіталай.

«Назгүлге арнап бір сценарий туатын болса, сценарий дүниеге келетін болса, неге оны жеке түсірмеске? Бірақ, мен өзім партнер ретінде Назгүлмен ойнамаймын», – дейді Азамат.

Бүгінде Азамат жеке театрымен қатар, кинонарыққа білек сыбана кіріссе, Назгүл ханым отандық шоу-бизнестегі бірнеше музыкалық жобаларға жетекшілік етіп жүр.

«Назгүлдің өзінің жолы бар, өзінің сүрлеуі бар. Менің өзімнің жолым бар. Кейде бір-бірімізге қарама-қайшы, кері әсер беретін сияқты болып тұрамыз. Сондықтан да жеке дара өскеніміз, өнгеніміз дұрыс қой деп ойлаймын», – дейді Сатыбалды.

Дерек көз Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз