Жаңалық қоршаған ортаны қорғау саласында таңқаларлық оқиға болғалы отыр.
Оны жергілікті инновациялық компанияның бірі жасап шығарған деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Зерттеулерін үш жыл бұрын бастаған ғалымдарға шөлмекті тәжірибеден өткізіп, толық жасап шығарғанға дейін біршама уақыт кеткен. Ал жеуге жарамды ыдыс қоңыр балдырлардан алынған кальций хлориді мен натрий альгинатынан дайындалады екен. Олардың айтуынша, мұндай материал адам ағзасы мен табиғатқа еш зияны жоқ.
Жей салатын “шөлмектер” биыл жыл аяғына дейін қолданысқа енгізіліп, сатылымға шығарылатын болады.
Родриго Гарсия Гонсалес, ғалым:
– Бұл шөлмек жеткілікті дәрежеде қатты әрі мықты. Оған кез-келген сұйықтықты құюға болады. Қазір біз оның сыртын тағы бір затпен қаптау жағын ойластырып жатырмыз. Сонда сіз оны аршып тастап, ішін жейтін боласыз.