Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жазықсыз 23 жыл түрмеде отырған адам ақталып шықты

133

1996 жылы Цзинь Чжэхун  20 жастағы қызды зорлап, өлтіргені үшін кейінге қалдырылған өлім жазасына кесілді.

Сотталушы қылмысты азаптау кезінде мойнына алғанын мәлімдеп, үкімге  шағымданады, дегенмен сот жазаны күшінде қалдырған.

2014 жылы The Paper газеті осы істі тергеумен айналыса бастайды. Содан кейін қытай билігі оны қайтадан қарауға уәде еткен.

Сотталушының адвокаты қорғауындағы азаматтың кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтар жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен бірге істе елеулі сәйкессіздіктер бар – мысалы, жәбірленушінің денесі темекімен күйдірілгені анықталды, бірақ Цзинь Чжэхун темекі шекпейді екен.

Қылмыстық істі қайта талқылау биыл 50 жасқа толған ер адамның кінәсіз екенін анықтады. Бүгін сот одан барлық айыпты алып тастады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз