Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Жазасын ерекше орында өтейді”. Мұхтар Әблязов 20 жылға сотталды

166

Айта кетейік, Әблязовтің өзі процеске қатыспады, оның мүддесін мемлекеттік қорғаушы қорғады. БТА басқармасы төрағасының экс-орынбасары Сәдуақас Мәмеш 5 жылға шартты түрде сотталып, банк ұйымдарында қызмет ету құқығынан 3 жылға айырылды. Мәмеш өз кінәсін сотта толықтай мойындаған.

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – Кредит комитетінің төрағасы Жақсылық Жарымбетовті сот 5 жылға шартты түрде соттауға үкім кесті. Мұнымен қатар, ол банк ұйымдарында қызмет ету құқығынан 3 жылға айырылды. Ол да қылмысын толықтай мойындаған.

Кінәсін ішінара мойындаған кредиттеу жөніндегі директор Қайрат Садықов 15 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Оған 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды және банк ұйымдарында қызмет ету құқығынан 3 жылға айырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз