Оқиға Крис және Дана Уайт есімді ерлі-зайыпты Кариб аралдарында үш күндік круизде жүрген кезде орын алған. Олардың айтуынша, бейнекамера теледидардың сымдарына жасырылыпты.
«Біздің бөлмемізде камера тұрғанын көріп, қайран қалдық. Ол жұмыс істеп тұрды. Біздің жеке өмірімізге қатысты құқығымыз бұзылды», – дейді Крис Уайт.
Carnival өкілдерінің мәлімдеуінше, бейнекамера қосылып тұрмаған. Алайда ер адам құрылғыны қолымен ұстап көрген кезде оның жылы болғанын айтты.
«Біз оқиғаны тергеп жатырмыз. Бұл ерекше жағдай болды. Бейнекамераны Уайт мырза мен ханымның бөлмесіне кімнің жасырып қойғаны әлі күнге дейін түсініксіз», – дейді Carnival өкілдері.