Адамдарға салынған инвестиция бөтен елдің емес, өз елінің экономикасына қайтуы тиіс.
Бұл туралы “Интеграция қызметіндегі адами капитал” конференциясындағы сарапшылар әңгімеледі.
Экономист Айдархан Құсайынов “Адамдарға білім беріңіз, сонда бақытты болады” деген дәстүрлі пікірді еске салды. Бірақ сұраққа басқа қырынан қарап көруді ұсынды: дивидендтерді қалай алуға болады? Адам капиталына салынған салымдардың қайтарымы болу үшін үй экономикасын дамыту қажет. Олай болмаған жағдайда,
тіпті жақсы жоғары оқу орындарының жүйесін құрғанмен де, бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз ете алмаса, олар жай ғана шетелге кетеді
— Америка Нобель лауреаттарының саны бойынша бірінші орында, бірақ олардың арасында таза америкалықтар өте аз, – деді ол.
— Қарапайым азаматтардың мүдделеріне қарай қадам жасау, шын мәнінде, адами капиталға құйылған инвестиция болып есептеледі. Ал бұлар дами алатын және дамығысы келетін азаматтар. Және бұл істе ең бастысы, қолайлы жағдай жасау деп есептеймін. Егер адамдар жақсы өмір сүрсе, олар сәйкесінше дамитын да болады, – деді сарапшы.
ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Леся Қаратаева дивиденттер туралы пікірмен келісті. Басты міндеттердің бірі —
адами капиталға салынған инвестициялар ұлттық экономикаға қайтарылатын жағдайлар жасау
Егер осы мәселе шешілмесе, онда инвестиция басқа мемлекетке кетті деген сөз.
Басты проблемалардың бірі, оның ойынша, “адами капиталдың моральдық тозуы”.
— Технологиялық тәртіп ауысқан жағдайда
қолда бар білім мен дағдының моральдық тозуы кең етек жаяды
Бұл мәселені жақын арада шешу керек, – деді Қаратаева.
Сарапшы білім беру мен еңбек нарығының сұраныстары арасындағы теңгерімсіздік байқалып тұр деп есептейді. Кәсіби дайындықтың барлық жүйесін қайта құру керек.
Әкімжан Әріпов, әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры, керісінше, нарықтық көрсеткіштермен әуестенудің қажеті жоқ деп есептейді.
Мысалы, “тар шеңберлі мамандық” үрдісі өзін ақтамады
Бұрын жан-жақты дайындық синергетикалық әсер тудырды. Гуманитарийлерді жаратылыстану ғылымдарының негіздеріне, ал технарьларды керісінше үйретті. Қазір бұл әсер, өкінішке қарай жоғалды.
— Адам капиталын бағалау барысында біз таза нарықтық көрсеткіштерге бас ұрдық, — деді ол.
“Моральдық тозуға” келетін болсақ, сарапшы Қаратаеваның қауіптерін қостады. Оқу орындарында әлі күнге дейін жоғалып бара жатқан немесе жақын арада жоғалу алдында тұрған мамандықтарға даярлайды.
— Демек, адамдарды өзін үздіксіз дамытып, білім алуға үйретуіміз қажет
Қазақ-неміс университетінің профессоры Рустам Бурнашев бүгінгі таңда “Адами даму” және “Адами капитал” ұғымдарын жиі шатастыратынын атап өтті. Қажеттілігі мен практикалық қолданудағы айырмашылықты білмейді.
— Айталық, қазақстандық студенттер, мысалы, Непал қайда екенін біледі. Олар одан жақсы өмір сүре бастады ма? Яғни, бұл білімде прагматизм жоқ. Олар адам дамуының деңгейін көрсете алады, бірақ капитал туралы және бұл қандай пайда беретіндігі туралы ештеңе айтылмайды, — деді ол.
Бурнашев атап өткендей, нақты адами капиталы бар, сонымен қатар формальды капитал бар. Нақты — бұл дағдылар мен білім мөлшері. Адам оны үнемі арттыра алады. Бірақ
егер социум оны мойындамаса, нәтижесінде бұл капиталдың мәні жоқ
— Егер, мысалы, экономика менің капиталымды қабылдамаса және менің дағдыларымды қажет етпесе, менің адами капиталының өсуі мемлекет үшін пайдасыз болады. Шетелдік ЖОО-н бітірген кейбір қазақстандық түлектердің мысалында осыны байқап отырмыз.
Олар шетелден қайтып келеді де, мұнда жұмыс істей алмайды, себебі экономиканың даму деңгейіне бұл мамандар сәйкес келмейді
Олардың білімін пайдаланатын жұмыс орындары жоқ. Яғни пайдасыз инвестициялардың үлесі зор. Өйткені біз оларды нақты экономиканың қажеттілігін ескермей жасаймыз, – деді Бурнашев.
Ольга Симакова, “Стратегия” әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы” ҚҚ жобаларының үйлестірушісі оптимистік көзқарасты ұстанады.
— Бізде сапалы адамды қалыптастыруға жағдай жасалған және бұл жұмыс істеп келеді. Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда жеңіске жетіп, мамандар сұранысқа ие, — деді ол.
Ол келтірген деректер бойынша:
Ересек тұрғындардың 75%-ның орта арнаулы немесе жоғары білімі бар
Алайда, сұранымсыздық қаупі бар екенін ол да жасырмайды. Адам капиталының табыс әкелуіне жағдай жоқ.
— Бос жұмыс орнының болмауы немесе жұмыс берушінің дәрменсіздігі (ол мұндай маманды жұмысқа алуға бюджет қарастырмаған) немесе “шыны төбе” проблемасы туындайды. Бұл шын мәнінде адамның емес, мемлекет пен бизнестің “бас ауруы” болуы тиіс.
Адамдардың қайтып келмеу қаупі бар, бірақ бұл мемлекетке және ел ішінде құрылған жағдайларға қатысты мәселе
“Алғашқы” адами капиталды қалай қалыптастыру емес, оны қалай пайдалану керек — мәселе осыда, — деп түйіндеді ол.