Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-13
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

«Fenomen Jas» – табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Жоба мақсаты – талантты тұлғалардың тиісті сала мен қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін ерекше еңбегін ынталандыру және таныту, әртүрлі жылдардағы премия лауреаттарын танымал ету, NEET жастарына рөлдік моделін қалыптастыру, менторлық мектебінің қызметін іске асыру, қазақстандық жастардың белсенді өкілдерін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту.

Жоба аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жас табысты қазақстандықтардың қатысуымен түрлі іс-шаралары өткізілді. ZOOM платформасында онлайн форматта қазақстандық табысты жастардың ең белсенді 20 өкілін (әр өңірде бір өкілден) тарта отырып, мотивациялық кездесулер өткізілді. Қамтылу көрсеткіші – 1137 қатысушы (17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала).

Өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған дағдыларды біртіндеп қалыптастыру үшін, кез келген қызметті эффективті атқару мақсатында арнайы 100 күндік «Jastar tańdaýy» марафоны өткізілді. Бұл марафон жүз күнді қамтыды, себебі тұрақты дағдыны немесе әдетті дамыту үшін ғалымдардың кеңесі бойынша осыншалықты уақыт қажет. Жалпы марафон аясындағы тапсырмалар легі төрт бағыт бойынша бөлінген: әлеуметтік, шығармашылық, интеллектуалды және физикалық. Байқау жеңімпаздары арнайы мадақтамалар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды (екі жылдық сыйлық соммасы 500.000 теңге).

Қамтылу көрсеткіші – 237 қатысушы (17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала) екі жылдың ортақ нәтижесі

Қазақстанның 3 қаласында мемлекеттік бастамаларды ілгерілету мен іске асыруды талқылау бойынша «Ted talks» форматында офлайн іс-шаралар өткізілді. Сарапшылар сторитейлингтерімен бөлісіп, әрбір іс-шарадан кейін танысу, тәжірибе алмасу және идеялар мен ұсыныстарды талқылау үшін нетворкинг алаңдары ұйымдастырылды.. Қамтылу көрсеткіші – 512 қатысушы (екі жылдық көрсеткіш).

Келесі тақырыптар бойынша сарапшылардан семинар-тренингтер өткізілді: «Классификация soft skills», «Жоспарлау. Time management», «Мақсатты жоспарлау процесі: ережелер мен әдістер», «Командамен жұмыс және көшбасшылық қасиеттер». Оқыту семинар-тренингтері Zoom платформасында онлайн форматында өткізілді. Барлық жазбалар «Classroom» платформасында барлық ниет білдірушілер үшін ашық түрде жарияланды. Қамтылу көрсеткіші – 606 қатысушы (17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала) екі жылдық көрсеткіш.

«Uly dala saryny» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау мақсаты жеңімпаздардың жетістіктерін мойындау және олардың одан әрі жетістіктерін ынталандыру болып табылады. Сыйлыққа қатысушылардан 100-ден астам өтінім келіп түсті, сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына жіберілді. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 5 номинацияның жеңімпаздары анықталды: Жеңімпаздар 200.000 теңгелік сертификаттармен, дипломдармен және арнайы әзірленген атаулы мүсінмен марапатталды. (Екі жылдық жүлде қоры 2 млн теңгені құрады)

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары табысқа жеткен жас қазақстандықтар туралы танымал интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде арнайы 10 сюжет, 5 подкаст, 4 ақпараттық бейнеролик түсіріліп бекітілуге жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз