Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Жастар жылындағы бастамалар елдегі адами капиталды арттыруға мүмкіндік береді – сарапшы

411

Қазақстанда Жастар жылының жариялануы елдегі жастар саясатын трансформациялауға жол ашады. Өзгерістердің басты бағыты елдегі жастарға қатысты жұмысты жүйелеу және мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекпен жастардың түрлі топтарын қамту болып табылады.

Назарбаев 2019 жылды жастар жылы деп жариялады

Ең алдымен, мемлекет жастардың жұмысқа орналасу мәселесіне қатысты шараларды реттеуге тырысатыны анық болды. Елде бірнеше бағдарлама бар, мысалы, «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға», Жастар практикасы. Сонымен бірге жастарға жұмыс табуға көмектесетін Жастар ресурстық орталықтары жұмыс істеп тұр. Бірақ, бұған қарамастан, біздің зерттеулерге сәйкес жұмысқа тұру жастар үшін нөмір бірінші мәселе болып тұр. Осыған орай биыл іске қосылатын «Жас кәсіпкер» бағдарламасы жастардың бұл сұранысына кешенді жауап береді. Кәсіпкерлікпен айналысатын жастардың саны артса жұмыс орындары да көбейетіні анық.

Екіншіден, мемлекет білімге қол жетімділікті арттырмақшы. Бұл әсіресе өмірлік мүмкіндіктері төмен ауыл және шағын қала жастары үшін маңызды. Арнайы орта білім беру жүйесінің дамуы бұл категориядағы жастардың бейімделуін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан арнайы орта білім беру мекемелерінде бірінші жұмысшы мамандықты тегін беруге кепілдік бар екені белгілі. Білім беру гранттарының санының артуы жоғары білім алуды қол жетімді етеді.

«Цифрландыру – болашаққа жол бастайды».  Жастар Елбасы Жолдауын қолдайды

Үшіншіден, жастар саясаты жастардың әлеуметтік белсенділігін артуы үрдісін қолдауға тырысады. Қазір ірі қалаларда қоғамдық кеңістіктерді оңтайландыру, тұрмысы нашарларға көмек көрсету, экологиялық сауатты арттыру және тағы басқа бағыттар бойынша түрлі бастамалар көтеріліп жатыр. Жас ұрпаққа мұндай жобалар ұнайды. Еріктілерді материалдық қолдау арқылы мемлекет жастардың бұл белсенділігін позитивті бағытқа бұрады, сонымен қатар жастар ұйымының жұмысына жаңа бағыт береді.

Осылайша Қазақстандағы Жастар жылында жастардың мәселесі ең жоғары деңгейде көтерілетіні қуантады. Аталған бастамалар жастарға арналғанмен кешенді сипатқа ие, сондықтан жалпы елдегі адами капиталды арттыруға мүмкіндік береді. Ал бұл елдегі әлеуметтік саясаттың басты бағыты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз