Алматы энергетика және байланыс унивесрситетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Гүлзада Мүсәпірова цифрландыруды ел дамуының маңызды бағыты ретінде атаған Елбасының Жолдауы жастар көңіліне шықты деген пікірде.
Гүлзада Дәулетбекқызының айтуынша, студенттер мен магистранттар өздеріне ел болашағы ретінде қарап, зор сенім артқан мемлекет басшысына дән риза.
– Бұдан бөлек, IT және инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр.
Біздің студенттер осындай күрделі, қызығынан қиыны мол техникалық мамандықты жүрек қалауымен таңдаған. Сондықтан олар дәл ғылымдарға негізделген жаңа технологияларды игере отырып, өздерінің кәсіби болашағына сеніммен және мақтанышпен қарайды. Өйткені, міне, дәл осы
бүгінгі студенттер қабылданып отырған «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын жүзеге асыратын болады.
Жаңа технологияларға басымдылық берген мемлекет басшысы:
– Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек
Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологияларсалаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек», – деген еді .
Бұл бізге еліміздегі алдыңғы қатарлы, озық университетермен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен және осы саладағы ірі кәсіпорындарымен бірлесіп, кәсіби стандарттарды басшылыққа ала отырып, білім беру бағдарламаларын жаңа міндеттерге сай бейімдеуге және жаңартуға үлкен мүмкіндіктер ашады.
Сондай-ақ Жолдауда былай делінген:
– 2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек.
Бұл дегеніңіз,
біздің түлектеріміз алдағы жылдарда кәсіби маман ретінде үлкен сұранысқа ие болып, жоғары еңбекақыға қол жеткізеді деген сөз.
Мен өзім осы техникалық бағытты таңдағанымды мақтан тұтам. Сондықтан қазіргі таңда президентіміз айтқандай, жастарға, өз шәкірттерімізге заман талабына сай жан жақты білім беру жолында олардың өздері таңдаған осы техникалық бағытты табысты игеруі үшін білім бағдарламаларын жаңа заман талаптарына сай дейімдеу үшін жанымызды салып жатырмыз. Өйткені біздің сол білімді, дарынды жастарымыздың мойнында төртінші өндірістік революцияны ғана емес, сондай-ақ өте маңызды да өзекті «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру бойынша үлкен әрі жауапты міндеттер тұр”, – дейді сөзін тәмәдаған Гүлзада Дәулетбекқызы.