Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жастарға жақсы жаңалық! Үлгерімі төмен студенттерге де стипендия берілетін болды

Бұл туралы Вaq.kz хабарлайды.

 «Бүгін Мәжілісте екі мәселе қаралды. Біріншісі – теxникалық және кәсіптік білімді тегін беру, екіншісі – дуальді оқытуды енгізу. Елбасы келер жылдан бастап кәсіптік білімді тегін беру туралы тапсырма берген болатын. Министрлік осы бағытта жұмыс істеп жатыр.Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан жұмыс тобы құрылған. Бес отырыс өткізілді. Жақында болған жиында жергілікті атқарушы органдармен қаражат мәселесін қайтадан қарастыру тапсырылды. Жылдың аяғына дейін бұл мәселені толық талқылайтын боламыз», – деді Ернат Ғафуұлы.

Департамент басшысының орынбасары бұл жобаның негізгі тетіктеріне тоқталып өтті.

«Жұмысшы мамандықтары тегін оқытылады. Мұны Білім туралы заңның сегізінші тармағына енгіздік. Жұмысшы мамандығын алатындар санын арттыру мақсатында оқу бағдарламаларын әзірледік. Осы мақсатта республикалық бюджеттің есебінен 21 мың маманға орын бөлуді көздеп отырмыз. Қалған орынды жергілікті бюджет есебінен қарастырмақпыз. Бірінші кезекте мектеп бітіріп оқуға түспеген жастарды қамтуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға да мүмкіндік беріледі. 9 бен 11 сынып бітірген түлектер біздің тегін кәсіптік және теxникалық білім беруімізге қатыса алады»,- дейді ол.

БҒМ өкілі жұмысшы мамандығында оқитындардың барлығы бір мезгіл тегін тамақпен және шәкіртақымен қамтамасыз етілетінін айтты.

«Бұрын жұмысшы мамандыққа түсетіндер тегін тамақпен қамтамасыз етілетін. 2012 жылдан бері бұл тоқтатылып қалды. Енді соны қайта бастау мәселесі шешіліп жатыр. Жұмысшы мамандығына түсетіндер алдағы уақытта бір мезгіл тегін тамақтана алады. Осы уақытқа дейін тек жақсы оқитындарға стипендия беріп келсек, енді үлгерімі төмен студенттерге де шәкіртақы берілетін болды»,- деді Ернат Жүнісов.

654b972dfe399e1a21cd925693c4c1c2_big

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз