Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу

123

Бірінші кезекте жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу жасөспірімдердің жыныстық өмір қауіпсіздігі, олардың ағзаларының физиологиясының ерекшеліктері және контрацепция шаралары мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттырудан тұрады. Бұл процесте жетекші рөлді ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас алады, олар өзара сенім мен құрметке негізделуі керек. Ата-аналардың өз еркі мен стереотиптерін енгізу көбінесе тиімсіз. Ата-аналар қандай да бір тақырыптарды баласымен талқылаудан жиі қашып отырады, жасөспірімнің қосымша ақпарат алу үшін, интернет немесе құрдастарыны жолығуға мәжбүр. Мұндай жолмен алынған ақпарат әрдайым дұрыс қабылдана бермейді.

Егер ата-аналар жасөспірімді қызықтыратын кез-келген тақырып бойынша диалогқа ашық болса, баласын қорғай алады. Баланың өзі мұндай әңгімені бастамаса да, ата-аналар бұл тақырыпты өздері көтеріп, баласына әрдайым диалогқа ашық екенін түсіндіруі керек.

Жас балаларға әйел мен еркек денесінің ерекшеліктері, жыныстық инфекциялардың берілу жолдары, контрацепция әдістері туралы ақпаратты уақтылы және дұрыс ұсыну маңызды. Жасөспірімдердің жыныстық өмірге ену жасы жасарады, бұған көптеген факторлар ықпал етеді.

Егер қазір жыныстық қатынас туралы ақпарат алу оңай болса, жақындардан қолдау мен түсінуді табу жасөспірімдер үшін қиынға соғады. Мүмкін, жасөспірімнің үйлесімді дамуы және одан ересек және толыққанды адамның сәтті қалыптасуы үшін ең бастысы – бұл отбасы ішіндегі климат, ата-аналардың ашықтығы, оларды қабылдау мен қамқорлық, қолдау және махаббат, сонымен қатар жастар денсаулық орталықтарында жұмыс істейтін мамандарға (психологтарға, медициналық мамандарға, заңгерлерге) жүгіну мүмкіндігі.

Орталықта жасөспірімдер өздерінің физикалық, эмоционалды және психологиялық дамуына қатысты сұрақтарға тегін жауап ала алады, сондай-ақ өзіне деген сенімділікті дамыту, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және құрдастарының қысымына қарсы тұру, оның ішінде қауіпті жыныстық мінез-құлыққа “жоқ” деп айту сияқты өмірлік дағдыларды игере алады.

Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз