Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жасанды ЖКО: авто алаяқтар сақтандыру компанияларынан 4,5 млрд теңге жымқырды

133

2021 жылы қазанда Алматыда өткен “Автосақтандырудағы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл” конференциясында IBA Group KZ АТ-компаниясы сақтандыру нарығы қатысушыларының қауіпсіздік қызметтерінің өкілдеріне жасырын сауалнама жүргізді. Ең көп таралған автокөлік алаяқтық схемалары бойынша барлық сақтандыру төлемдерінің кем дегенде 15%-ы жол-көлік апатынан өтірік зардап шеккендерге тиесілі екені белгілі болды.

“Келіп түскен барлық сақтандыру сыйлықақыларының құрылымында міндетті автосақтандыру нарықтың барлық көлемінің 21%-ын алады”, – деп жағдайды VAS байланыстарды визуализациялау құралының жетекшісі Николай Васильев түсіндірді. — Тек осы бап бойынша төлемдерге жылына шамамен 30 млрд теңге жұмсалды. Біз барлық сақтандыру төлемдерінің шамамен 15%-ы немесе 4,5 млрд теңге алаяқтарға төленеді деп болжаймыз”.

Алаяқтық схемалар

Көбіне алдау үшін ең танымал үш схема қолданылады:

  • қатысушылар сақтандыру төлемін алу мақсатында алдын ала сөз байласады
  • апат кезінде зақымдалған сыңай танытып, төлем алу үшін бүлінген элементтерді бүтін көлікке алдын-ала жабыстырып қояды
  • ЖКО қатысушылары уақыты мен мекенін жасырады, бұл сақтандырушыларға оқиғаны объективті бағалауға мүмкіндік бермейді

Николай Васильевтің сөзінше, көбіне сақтандырушылар күдікті жағдайларды өз беттерінше тергейді.

“Алынған мәліметтерге сәйкес, респонденттердің 55%-ы оқиғаны тергеуге бір-екі апта кетеді деген. 40%-ы сот ісі бір айға дейін созылуы мүмкін екенін айтқан”, – дейді сарапшы. — Талдаумен айналысатын мамандардың саны мерзімге тікелей байланысты.

Біздегі мәліметтер бойынша, сұралғандардың 30%-дан астамы бір істі тергеу үшін екі адамды жұмылдырады

Ал сақтандырушылардың 60%-ы күрделілігіне қарай мамандардың саны туралы шешім қабылдайды”.

Деректердің жетіспеушілігінен сақтандыру жағдайларының жартысынан көбін объективті және жан-жақты тексеру мүмкін емес. Басқа сақтандыру компанияларының мұрағаттарына немесе Мемлекеттік органдардың базаларына қол жеткізу көмектесе алар еді. Бұл ретте

сақтандыру компанияларының үштен екісі өз жұмысында сақтандыру жағдайларын тергеу процесін автоматтандыру бойынша бейінді құралдарды мүлдем пайдаланбайды

Мақсат — ақша

Айтпақшы, COVID-19 пандемиясы интернеттегі алаяқтық санын 15%-ға арттырды. Алдаудың жаңа схемалары пайда болды.

Апатты жол полициясы органдары тіркеген жағдайда да алаяқтық схемалар  жасап жататындар бар.

“Полиция, әрине, жол-көлік оқиғасын тіркейді, бірақ оны кейінірек шақыруы мүмкін немесе жалған мәліметтерді хабарлауы мүмкін”, – деді Николай Васильев. – “Мысалы, бір қатысушыда сақтандыру жоқ немесе ол мас.

Полис жасау немесе жалған жүргізушіні табу үшін уақыт қажет. Дегенмен мұнда екінші қатысушының келісімі де қажет болады

Бірақ, біздің сауалнамамыз көрсеткендей, сақтандыру компаниясын алдау мақсаты болған кезде мұның бәрі шешіледі”.

2020 жылы 42 миллиард доллар деген сан айтылды. Әлемдегі компаниялар экономикалық қылмыстардан екі жыл ішінде осынша ақша жоғалтты. Автосақтандыру — алаяқтардан ең көп зардап шеккен сала болмаса да, ондағы шығын миллиондаған доллармен есептеледі. Қазақстан үшін алаяқтарға төленетін сақтандыру төлемдерінің 15%-ы өте қомақты сома.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз