Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Жас қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, одан ақша бопсалаған жігіт сотталды

101

Сотта белгілі болғандай,

Сарыағаш ауданының тұрғыны әлеуметтік желіде бір бойжеткенмен танысып, көңіл қосады.

Онымен кейін Қапланбек ауылында орналасқан қонақ үйлердің бірінде кездеседі. Арам ойын жүзеге асыруды көздеген жігіт, төсек қатынастарын ұялы телефонының бейнежазбасына түсіріп алыпты.

Араға уақыт салып, көңілдесіне хабарласып, 800 000 теңге талап еткен екен. Ол «бермеген жағдайда екеуі жыныстық қатынасқа түскен кездегі жасырын түсірілген бейнежазбаны ғаламторға жариялап, масқаралаймын» деп, қорқытып, ақша бопсалаған.

Елге масқара болудан шошынған әйел жігітке 700 мың теңге жеткізіпті. Дегенмен айлакердің әрекеті мұнымен бітпейді. Жарты жыл өткен соң, ол көңілдесінің атынан «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен жеке парақша ашып, жасырын түсірілген бейнежазбаны, фотосуреттерді сонда жүктеген.

Содан оны өшіру үшін тағы 500 мың теңге ақша талап еткен, дейді Сарыағаш аудандық прокуратурасының аға прокуроры Әли Нұрлыбаев.

Амалы таусылған əйел ішкі істер органдарына арызданады. Полицейлер бопсалаушыны 280 мың теңгені алып жатқан кезінде құрықтаған.

Жарты жылға созылған тергеу барысында айыпталушының қылмыстық әрекеті толық дәлелденді. Істі қараған Сарыағаш аудандық соты айыпталушыны Қылмыстық Кодекстің 311, 194, 147 баптары бойынша кінәлі деп тауып, оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Ақша бопсалаушы жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, сотталушының бар дүние-мүлкі тәркіленеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз