Нұр-Сұлтан
Қазір
-20
Ертең
-25
USD
515
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.17
0.00

“Жас қатыным кет деп жатыр” – жасы келген жігіт жылап жүр

933

Рас болды. Біраз жыл үндемей жүрген қатынымның қәзір тілі шықты. Шағып алады. Жасың үлкен деп именбейді. Ажырасқан кезде өз атымдағы үйімді балаларымның анасы ғой, солар тұрсын, оларды қаңғытпайын деп алғашқы әйеліме беріп кеткенмін. Содан жас қатыныммен біраз жыл пәтер жалдап тұрып келдік. Қазіргі әйелім мұғалім ғой. Содан былтыр мемлекеттік бағдарламаның арқасында үй алғанбыз. Үй әйелдің атында. Соған арқалана ма, «үйді алған мен. Сондықтан ауылда жұмыссыз жүрген інілерім осында тұрып жұмыс істейді. Қарсы болма» деп бір шықты, одан қалса, «жасым үлкен деп шіренбе, ұнамасам, кете бер. Саған жабысып тұрған жоқпын. Тұрақты жұмысы, үйі бар жас қатынға бай табылады», деп өзінше болатын болды.

Баяғыда бірге жұмыс істейтін Төреғали деген досым: «түнде әйелім сасымай ары жатшы, деп бүйірімнен шынтақпен ұрып, төсектен итеріп құлатып жіберетін. Онымен қоймай теріс қарап күрсініп жатып алады. Шамасы бір иіс-су себініп жүретін интелегент жігіт тауып алған-ау», деп мұңайып отырушы еді.

Оның айтқандарына қарқылдап күлуші едім.

«Күлме досқа, келер басқа» деуші еді, қазір сол жағдай менім басымда.

«Екі қатын ойран деген…». Қазіргі тоқалдарға ақша-дүние ғана керек

«Басқа бай табылады» деген сөзінен күдіктеніп жүрмін. Бәлкім кездесіп, «демалып» та жүр ме екен. Кім білсін?

Әйтеуір таң атпай мектепке кетеді. Кешке сүрініп үйге келеді. Не істеп келгенін кім білсін. Әлде, барлық мұғалімдер сондай ма екен. Қайдам.

Шынымды айтсам, қазір әйелімнен әбден жеріп кеттім. Баяғы алып-ұшқан сезім жоқ.

«Өмірді қойшы, өтер де кетер өкінтіп, сезімді қайтем, сезімді қайтем, тулаған», деп кезінде бір ақын жырлапты ғой.

Бірақ менде қазір тулаған сезім жоқ, тек өткенге өкініш бар. Кетіп қалсам ба деп ойлаймын.

Тек ортадағы жалғыз бала ғана қолбайлау болып тұр. Кетуін кетем ғой, бірақ мына қатын ертең басқа байға тиеді делік, бірақ ол жігіт менің балама әке болып жарата ма? Мәселе сонда. Қинайтыны осы.

Бірақ бәрбір кету керек сияқты. Өйткені үйде отбасылық жылу жоқ, шай-тамағымызды көбіне жеке-жеке отырып, ішеміз, төсекте де баяғыдай жылу жоқ. Ал мұндай жағдайда қалған өмірімізді бірге өткізу мүмкін бе? Білмеймін.

Басым жетпей жүр. Әлде бұрынғы әйеліме «кешір, мен қателесіппін» деп қайтып барсам ба екен?

Шалқар Е. (жылап отырып жаздым, бауырым, өмір қиын екен…)

Жомарт ақымақ жігіт. ВК-да жас қыздармен танысам деп шаңырағын шайқалтып алды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз