Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Жәрайсың!” Әскери ұшқыш қазақ қызы әуе кемесін өз бетімен басқарады (фото)

256

 

Ардана Ботай бұл сәтке ұзақ дайындалған. Нәзік жанды пилот жойғыш ұшақта 4 әскери тапсырма орындауы керек. Авиация орталығының командирі ұшақтың тізгініне отырмас бұрын  алдымен психологиялық дайын болу керек, дейді. Кішкентай қателіктерді жіберіп алмас үшін нұсқаушымен тағы бір мәрте дайындалып алу қажет.

 

 

«Ардана алғаш ұшқыш болам деп оқу орнына келгенде  барлығы таңқалған болатын. Көбісіне ерсі көрінді. Алайда, Ардана табандылығының арқасында әйел адам да әскери ұшақты басқара алатынын дәлелдеді. Қазір еңбегінің жемісін көруде», -деді ¤авиациялық оқу орталығының командирі  Тимур Есмағамбетов.

Ардана Ботай бала кезінен ұшқыш болуды армандап, жойғыш ұшақты тізгіндеуді мақсат етіпті. Осы арман он алты жастағы бойжеткенді мемлекеттік авиациялық орталыққа жетелеп келген. Онда үздіктердің бірі болған курсант жеңіл моторлы ұшақтарды жүргізуді үйренеді. Осыдан екі жыл бұрын біздің арна тілшілері Арданамен кездескен. Ол кезде нәзік жанды пилот АН-26 ұшағын басқаруды үйреніп жүрген болатын. Жас ұшқышқа әскери экипаж қатарына кіру үшін кем дегенде 50 сағат ұшақ басқару қажет болыпты.

Соңғы нұсқаулар Арданаға берілді. Пилот ұшуға дайын. Ардана Ботайдың әуеде ұшқан 20 минуты тарихқа кіретіні сөзсіз. Ол  әскери жойғыш ұшағын басқарған алғашқы нәзік жанды ұшқыш.

 

«Менің ойымша ұшқыштың ер азамат болуы маңызды емес. Мен бүгін пилоттың ең басты міндеті – кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдау екенін сезіндім. Ұшқыштар – әуедегі қорғаушылар емес пе!? Мен мұнымен тоқтап қалмаймын. Біліктілігімді арттырамын», -деді ұшқыш Ардана Ботай.

Ардана өзін басқа салада көре алмайтынын айтады. Ұшақты басқаруды жаны сүйеді. Нәзік жанды пилоттың мақсаты айқын. Енді ол  болашақта космосқа ұшуды жоспарлап жүр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз