Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Жапонияда белгісіз ұшатын объектіні видеоға түсіріп алған

785

Полиция оның не екенін анықтау үшін тікұшақты көтерді, бірақ оның 1,5 км биіктікте ұшып бара жатқанын ғана біле алды. Оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, бұл екі пропеллері, төменгі жағында кірес тәрізді құрылымы бар ақ шар болған.

Көлік және метеорологиялық басқармасы нысанның өздеріне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Көлік және коммуникация министрлігі  адамдар көп шоғырланған аудандарда ұшу үшін алдын ала рұқсат алу қажет, алайда оларға ешқандай өтініш түскен жоқ деп мәлімдеді.

Сәл кейінірек шар шығысқа теңізге қарай ұшып, көзге көрінбей кетті. Оның құпиясы да анықталмады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз