Мұндай жауыздыққа тіпті ережесіз жекпе-жекте де ешкім бармайды.
Бұл – 2001 жылы туылған қыздар арасындағы гандболдан Ресей чемпионаты. Мәскеу мен Ростов командалары ойнап жатқан.
Спортшы қыздардың бірі құлап қалған қарсыласының басынан оңдырмай мыжып кетті. Қасақана істеді.
Жарақат алған қызды дәрігерлер алып кетті. Ростов командасының қызы ойын соңына дейін алаңнан қуылды. Гандбол федерациясы оның алдағы үш ойынға қатысуына тыйым салды.