Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жап-жас балалар! Қызылорданың мемлекеттік қызметкерлері адамның күлкісін келтіреді екен

Қазақша КВН-ге облыс бойынша мемлекеттік қызметкерлерден құралған 10 команда қатысып,

саясат, мемлекеттік қызмет тақырыбында қалжыңдасып, түрлі әзілдерімен көрермендерді күлдірді.

Қызылорда облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы Абзал Мұхимовтың айтуынша, мемлекеттік қызметте жүрген жастарды шығармашылыққа баулитын мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұруы керек.

«Жас мемлекеттік қызметшілердің қағазбен ғана жұмыс істеп қоймай, өздерін сахна төрінде де көрсете алатынын дәлелдеу үшін қазақша КВН ұйымдастыруды жөн көрдік. Алда мұндай шаралар әлі де ұйымдастырылып тұрады», – деп уәде берді ол.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметшілер арасында өткен Көңілді тапқырлар сайысына қатысқандардың басым көпшілігі Тәуелсіздіктің құрдастары болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз