International Boxing Federation қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлыны орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды. Федерация мәліметінше, бұл шешім ұйымның ережелеріне сәйкес қабылданған.
Атап айтқанда, IBF-тің 18-ережесінде допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін ұлттық немесе халықаралық спорт органдары тарапынан шеттетілген боксшылар бір жыл бойы IBF рейтингтеріне енгізілмейтіні және федерация санкциялаған жекпе-жектерге қатыса алмайтыны көрсетілген.