Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жандарбек Бекшин тұмаудың жаңа түрлері алаңдатып отырғанын айтты

Бас дәрігердің айтуынша, тұмаудың қазіргі уақытта таралған Мичиган, Колорадо сынды түрлері алаңдатып отыр.

«Себебі жаңадан шығып жатқан тұмауларға қарсы адамдардың иммунитеті қалыптасып үлгермеген. Сондықтан мұны біз бақылауымызға алып отырмыз», – деді Жандарбек Бекшин.

Оның сөзіне қарағанда, тұмаудың таралуы қазан мен қараша айларында басталады. Ал шарықтау шегі қаңтар айының ортасына тура келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 2018-2019 жылдарғы эпидемиологиялық маусымға жаңа вакцина жеткізілді.

Бұл ресейлік «Гриппол+» вакцинасы. Оның құрамында тымаудың үш типі бар. Атап айтқанда, үш штамм арасында А (H1N1) – Мичиган, А (H3N2) – Сингапур, В – Колорадо вирустары қамтылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз