Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-6
USD
503
0.00
EUR
546
0.00
RUB
5.95
0.00

Жанболат пен Жазира жалған ұтыс ойынын ұйымдастырушыларды сотқа бермек

807

Жанболат пен Жазира жалған ұтыс ойынын  ұйымдастырған алаяқтармен соттасуға ниетті. Әртістер аңғал және сенгіш адамдардың көңілін аудару үшін бәз біреулердің олардың суреттерін пайдаланғаны туралы айтты.
Олар жалған ұтыс ұйымдастырып, халықтың әртістерге деген сенімін пайдаланып ақша табуда.

«Біздің суретімізді қойып қойып, атымыздан ұтыс ойынын ойнатып жатқандарға сенбеңіздер» деп қанша ескертсем де әлі қатысып жатыр екенсіздер. Біздің директорымыз ондай алаяқтармен енді заңмен, басқаша сөйлеседі», —деп жазды Жазира Байырбекова.

Айта кетейік, соңғы уақытта түрлі ұтыс ойындарын ұйымдастырушы аляқтар көбейіп кетті. Олар өздерінің лас ойындарына танымал әртістердің атын пайдаланудан ұялмайды да.

Жақын арада әнші Ернар Айдар осындай лотереядан зардап шеккен еді. Әнші жалға алған автокөліктер мен пәтерді ойнатқан ұйымдастырушылардың шын ниеті мен мақсатнан хабардар болмадым деп сендірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз