Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Жанболат пен Жазира алғаш рет қыздарын көрсетті (сурет, видео)

1825

2019 жылдың ортасына қарай Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова екінші рет ата-ана атанған еді. Олар 22 жылдан кейін сәби сүйді. Жұлдызды жұптың Қазыбек есімді ересек ұлы бар. Бүлдіршін жақында бір жасқа келеді. Қыз үйдің ішінде ары-бері “ходунокпен” жүгіріп, ата-анасының көз қуанышы болып отыр.

 

«Күнде той, концертпен халықтың ортасында жүргенде тез шаршап қалатын едім. Бала маған энергия береді-ау дим. Түн ұйқым төрт бөлінсе де, күні бойы үй, бала, тамақ, кір жуу сияқты шаруалар маған бақыт сыйлап жүр. Орамалдың астынан шыққан шаштарым таралмаса да, бетіме кремдер жағылмаса да, әдемі көйлектер киілмесе де…», — деп жазды Жазира.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева бір сұхбатында Жазираның аяғы ауыр кезін байқамадым деді. Әртістің айтуынша ата-анасы суррогат ананың көмегіне жүгінген.

«Біз Жазирамен түрлі тойларда кездесеміз. Менің білуімше, оның аяғы ауыр болған жоқ. Әйелдің аяғы ауыр болса, Аша Матайдікі секілді іші көрінеді ғой.  Менің ойымша олар қыздарын асырап алды. Бірақ асыранды баланың да — үлкен жауапкершілікті қажет ететінін айтқым келеді», — деді  Меруерт  Shownews.kz. бағдарламасына берген сұхбатында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз