Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жаңаөзенде жарылыстан үйі қираған отбасы өздеріне жала жабылмақ болғанын айтты

217

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Баян Тұрақова жарылыс болған үйдің қызы. Абырой болғанда, оқиға кезінде ол сыртта жүріп аман қалған. Ал үйде анасы мен ағасы, інісі болыпты. Құтқарушылар анасын үйінді астынан бір сағаттан соң, ал ағасын бір жарым сағаттан соң барып бір-ақ тапқан. Ал інісі сарай маңында жүріп, сау қалыпты.

“Анамның бауырымның денсаулығын қалпына келтіруге көмектессе. Сосын үйіміз қалпына келтіріп берсе. Мына үйде тұруға қорқамыз”, деді ол.

  Бойжеткеннің айтуынша, оқиға орнына жеткен мамандар жарылыс ауладағы жылу қазандығынан шықты деп отбасының өзін айыптамақ болыпты. Алайда кейін газ құбыры жарылғаны белгілі болды. Жарылыс күшінің қатты болғаны сонша, 8 бөлмелі даңғарадай үйден түк қалмаған. Ал анасы мен ағасынқатты күйік шалған. Екеуі де аса ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

“Денесін 22 процент күйік шалған. Облыстан санавиациямен  мамандар келе жатыр. Жағдайы өте ауыр”,деді Жаңаөзен қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.

19 жастағы інісінің аяғы мен басы жарақаттанған. Ақау шыққан газ құбыры болса, жарылған үйдің дәл іргесімен жүргізіліпті. Ал оқиға орнына жеткен

«Қазтрансгазаймақ» мамандарының айтуынша, жақында мұнда су құбыры да түскен. Оны салушылар, басқа жер таппағандай тура газ құбырының үстімен жүргізіпті.

“Бізбен ешқандай келісім болмаған. Біздің қызметкерлер қатыспаған.Шынында болу керек. Қатысу керек”, деді Жаңаөзен қаласының газ шаруашылығы директоры

Жергілікті биліктегілер де тексеріс бітпегенше, тіс жармауға бекінген. Қазір газ жарылысы бойынша іс қозғалып, тергеу басталып кетті.

Белгілі болғандай, Жаңаөзендегі бұл бірінші жарылыс емес. Бұған дейін де Рахат ауылында тағы бір үй жарылған. Онда да ақау газ құбырынан шыққан. Енді басқа тұрғындар да, құбырларынан қорқып, жандарын шүберекке түйіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз