Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Жаңа жылға дейін бензин бағасы қымбаттай ма?

123

Бозымбаев атап өткендей, бензин бағасының өсуі мен төмендеуіне мұнай бағасы тікелей әсер етеді.

“Бүгінде бір баррель мұнай 70 доллар тұрады. Ертең, кім біледі, бәлкім, 40 доллар немесе 100 доллар тұруы мүмкін. Екінші фактор – өзіндік құны. Жаңа жылға дейін бензин қымбаттай қоймайды”, — деді Бозымбаев.

Энергетика министрі атап өткендей, көтерме бағалардың төмендеуі нәтижесінде келесі жылы 1 қаңтардан бастап газ пайдаланатын электр станциялары үшін тауарлық газдың ақтық бағасы өңірге байланысты 6-15%-ға  арзандайды.

“Тарифтің төмендеуі жанармай ретінде табиғи газды пайдаланатын станцияларға қатысты.

Біз 2016 жылы қуаттылық нарығы болады деп есептегенбіз, бірақ ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қана күшіне енеді. Тариф деңгейі төмендейді. Қазақстандықтар аз төлейтін болады”, — деп сендірді ол.

Бозымбаевтың пікірінше, 20 қарашаға дейін 46 станцияның электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығыны қайта қаралады.

Қазан айында Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері Қанат Бозымбаев пен Александр Новак бензин экспортына эмбаргоны алып тастау туралы хаттамаға қол қойды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз