Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жаңа жылдан бастап тегін берілетін дәрі-дәрмектің саны артады

Дидар Байдоллаева, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкері:

– Тегін дәрілік заттарды алу үшін бірінші емханаға тіркелу қажет, одан кейін бейінді мамандардың бақылауында болуы қажет. Диспансерлік есепке алынады. Одан кейін диагноздары расталады және бейінделеді. Одан кейін белгілі дәрігерлер рецепт жазып береді. МККБК шеңберіндегі дәріханаларға барып, жеке құжат-рецепт арқылы тегін ала алады.

Ал осы дәріні беретін маманның жұмысы тағы жеңілдей түседі. Себебі, денсаулық сақтау саласын цифрлық жүйеге енгізу мақсатында дәрігер нұсқаулығы электронды түрде берілетін болады.  Жаңа жылдан бастап еліміздің барлық емханалары осы жүйеге енгізіледі.

Тимур Жұмақаев, Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының бөлім басшысы:

– Денсаулық сақтауды цифрлық жүйеге көшіру жөнінде бізде қазіргі таңда 3 маңызды жобамыз бар. Біріншісі – медициналық ұйымдарға ақпараттық жүйелерді енгізу. Екіншісі – емдеуші дәрігерлердің жұмыс орнын компьютерлік техникамен жабдықтау. Үшінші – барлық мемлекеттік мекемелерді интернет желісімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда ақпараттық жүйемен қамту 80 пайызға орындалған.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл мамандарды қағазбастылықтан арылтып, науқастың үш айға дейін ем-домына нұсқаулық жазып беруіне мүмкіндік туады. Әрі әлеуметтік дәріханаларды бақылауға ыңғайлы.

Азамат Байбалаев, қалалық №6 емхананың жалпы тәжірибелік бөлім меңгерушісі:

– Науқастардың бір жыл көлемінде қабылдаған дәрі-дәрмектерін электронды түрде тіркеу жүргізіледі. Және оны бір жыл бойы тегін алғанын және бұрын қандай дәрілерді қабылдағанын көруге болады. Электронды түрде болғандықтан өте ыңғайлы, әрі уақытқа тиімді. Тағайындаған дәріні тек дәрігер емес, оны учаскелік мейірбике де шығарып бере алады.

Ал науқасқа тегін берілетін дәрі-дәрмек туралы толық ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан көруге болады.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Ержан Қанапияұлы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз