Елге қызмет ету және қоғамға пайдалы болу. Бұл «Nur Otan» партиясы атынан Атбасар аудандық мәслихатына депутаттыққа үміткер Самат Жамбылұлы Базарбаевтың ұстанымы. Самат Жамбылұлының мамандығы заңгер.
– Жергілікті биліктің басты бағыты – адам және оның әл-ауқаты, отбасы, балалары, оның құқықтары мен еркіндігінің сақталуы. Осының барлығын іске асыру үшін бізде мүмкіндік жеткілікті. Демек, осы бағытта әрекет ете отырып, мен алға қойған мақсатыма жете аламын деген сөз. Атап айтқанда, Атбасар ауданында халықтың бұдан да жайлы өмір сүруіне, отбасын құруына, дүниеге бала әкелуіне және жұмыс істеуіне жағдай жасаймыз. Алдағы уақытта әр отбасының өмірін жақсартуға барымды саламын. Мен өзім заңгер болғандықтан және мемлекеттік қызметте талай жыл жұмыс істегендіктен, ойлана келе, бар күш-жігерімді, білімімді аудан халқының өмір сапасының жақсаруына жұмсайтын боламын. Оны қалай шешу керектігін де жақсы білемін, – дейді Самат Жамбылұлы.
Үміткер халық алдында өзінің бағдарламасының басты міндеттерімен де таныстырып өтті. Атап айтқанда:
Үгіт-насихат барысында атбасарлықтардың басым бөлігін шағын және орта бизнесті несиелендіру және Атбасар қаласында қоғамдық көлік санын арттыру мәселелері толғандыратыны мәлім болды. Оларға осы бағытта тұшымды жауап беріліп, үгіт-насихат материалдары таратылды.
Сөзден іске көшетін уақыт келді! Осылай дей келе, Самат Жамбылұлы аудан халқымен кезскен кезде 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлауда дауыс беру арқылы белсенді азаматтық ұстанымға шақырды. Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясы қойған барлық міндеттер орындалатындығын айта келе, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Тек бірге болғанда ғана, қиындықты еңсере алатынымзды тағы бір еске салды.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Атбасар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.