Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-3
USD
431
0.00
EUR
516
0.00
RUB
5.68
0.00

“Жаңа үй сұрайды…”. Су тасқынынан пайда көрмек болғандар бар – ШҚО әкімі

Бүгінде 114 үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Алдағы аптада жөндеу жұмыстары басталады. Ол үшін 259 миллион теңге бөлінген.

Облыс әкімі күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілетін бірқатар үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті.

Тұрғындармен кездесу

 

«Мен комиссияға өте мұқият түрде жұмыс істеу туралы тағы да тапсырма бердім. Бұл жерге ірі компаниялар келді. Екеуі Семей қаласынан, үшеуі Тарбағатай ауданынан. Дүйсенбіден бастап олар қызметтерін атқара бастайды. Мен келесі айда келіп, атқарылған жұмысты өзім тексеремін», – деп атап өтті Даниал Ахметов.

https://kaz.365info.kz/shygystagy-shemonajha-audanyn-su-basyp-zhatyr-foto-307911

30 үйді жергілікті мердігерлер жөндесе, қалғандары Семей қаласы мен Тарбағатай ауданынан келген компаниялардың қарамағына өтеді.

«Жобалық-сметалық құжаттамалар дайын. Соған сәйкес, жұмыс істейтін боламыз. Сметаны кәсіби білікті мамандар жасады. Біз үйдің басым бөлігін аралап көрдік. Барлық іс сапалы және қысқа мерзімде атқарылады деп сендіремін», – деді «Азия» құрылыс компаниясының басшысы Әсемхан Досқұжанов.

Даниал Ахметов су алған аймақты аралауда

Айта кетейік, апат кезінде Аягөздегі 162 үйге су кірген. Қазір комиссия барлығын тексеріп, тиісті шешімдерін шығарды. Нәтижесінде, 41 үй жөндеуге жарамайтын болып шықты. Бүгінде жергілікті әкімдік 32 баспана сатып алды.

Сондай-ақ, қаланың кейбір тұрғындары аймақ басшысымен кездесуге келіп, үй талап етті.

Мәселен, Подгорная көшесіндегі 171 үйдің тұрғыны – соның бірі. Даниал Ахметов аталған баспананың жағдайын жеке өзі барып көрді.

Жөнделіп жатқан үй

«Қанша рет, мейлі 25 рет келіп қарасаңыздар болады. Бұл үйді күрделі жөндеуден өткіземіз. Соншалықты үрейленетіндей қауіп жоқ. Үй иесінің өзі ешқашан жасамаған жөндеуді жүргізіп береміз», – деді үйдің жағдайын көзімен көріп, бағасын берген облыс әкімі.

https://kaz.365info.kz/tagy-da-su-taskhyny-shkho-da-bir-taulik-ishinde-19-yj-men-6-kosheni-su-alyp-ketti-307538

Даниал Ахметов табиғи апатты жеке мақсаттары үшін пайдаланып кетуді көздейтіндер қатары көбейгенін де атап өтті. Әкімдіктің баспасөз қызметі келтірген деректер бойынша, тіпті, өз үйлерін өздері қиратқан жағдайлар да болған.

Әкім тұрғындармен әңгімелесті

 

«Қазіргі мына жағдайды пайдаланып қалғысы келетіндер де табылып жатыр. Олар жаңадан үй алғысы келеді. Бірақ, расымен кейбір үйлерге жақсылап жөндеу жүргізу қажет. Бұл мәселеде қоғам белсенділері қайда қарап отыр?! Мұндай жағдайға жол берілмеуі тиіс. Үйі қирап, жөндеуге мүлдем жарамайтын отбасыларға ғана жаңа баспана беріледі. Қалғандарын қалпына келтіреміз. Жақсылап жөндейміз. Көп ұзамай, адамдар өз үйлеріне кіретін болады», – деді Даниал Ахметов.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз