Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жаңа Nazarbaev Ortalygy дамыту орталығында бірегей зияткерлік-білім беру алаңдары іске қосылды

299

Жастар Дамыту орталығының жабдықталған заманауи озық техника көмегімен STEM әлемдік білім беру жүйесінің жаңа трендтері бойынша ілгерілемелі жетілуге мүмкіндік алды. Бұл жүйе қазір дамыған елдерде өте танымал. Ол ғылым, технология, инженерия және математика салалары бойынша қосымша білім тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. STEM білімі шығармашылық және сыни, аналитикалық ойлау қабілеттерін, байланысқа коммуникативтік қабілеттерін дамытады, зейінді, объектілердің өзара байланысын көру және міндеттерді декомпозициялау дағдыларын оятады.

Бүгінгі таңда Дамыту орталығында робототехника және инженерия, дизайн және виртуалды шындық зертханалары бар. Бұдан басқа, мұнда жинақталған шахмат сыныбы және жайлы коворкинг-алаңы орналасқан.

Әр зертхананың өзіндік ерекшелігі бар. Робототехника және инженерия зертханасында балаларға 3D-модельдеу, бағдарламалау және прототиптеу дағдыларын үйретеді. Оқу нәтижесінде балалар болашақ мамандығын анықтауда оңай қол жеткізеді. Қалай болғанда да, алынған білім мен даңды-қабілеттері сіздің балаңыздың зияткерлік және қолданбалы шеберлігін шыңдай түседі, әрі міндетті түрде ылғи сұранысқа ие болып тұрады.

Дизайн зертханасында сіз жоғары сапалы фото-видео түсіруге және өңдеу мен монтаждауға арналған түрлі бағдарламаларын үйренесіз.

Ал виртуалды шындық зертханасында 3D көзілдірігі мен жаңа технологияларды қолдана отырып, сіз әртүрлі нысандарды, әсіресе оларды ішінен зерттеуге мүмкіндік аласыз. Мысалы, адам ағзасының қалай дамитынын, жүрек пен басқа мүшелердің қалай жұмыс істейтінін көре аласыз. Бұл адамның көкжиегін кеңейту, әлемнің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін өте пайдалы.

Орталықта оқыту бағдарламалары барлық ниет білдірушілерге арналған. Мұнда тек балалар ғана емес, ересектер де оқи алады. Айтпақшы, мұнда ең қол жетімді бағамен оқытады. Қазір орталық жыл соңына дейін айына 9 000 теңге оқу құнымен қабылдау жүргізеді. Топтар ыңғайлы болу үшін таңертең және кешкі уақыттарда ашық, сабақтар аптасына үш рет өткізіледі. Алдымен байқау сабағында бала сынақтан өтеді, содан кейін қабілеттеріне қарай белгілі бір топқа қабылданады.

 

Даму орталығының директоры Александр Бихерттің айтуынша:

– Байқау сабағында біз баланы тексере аламыз және оның дайындығына байланысты топқа анықтай аламыз. Егер оқушы робототехникамен айналысса, ол жалғастырушылар тобына барады. Егер ол үшін бұл жаңа бағыт болса, онда ол жаңадан бастаушылар тобында оқиды. Сондай-ақ, көңілінен шығатын істі таңдау үшін барлық зертханалардағы байқау сабақтарынан өтуге болады.

Даму орталығының оқытушылары Назарбаев Университетін, Индиан Университетін (Блумингтон, АҚШ) және т. б. қоса алғанда, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері болып табылады.

Nazarbaev Ortalygy даму орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің жаңа ғимаратының үшінші қабатында орналасқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз