Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жаңа көліктерге сұраныс төрттен бір есе өсті

Қазақстандағы жаңа автомобильдер нарығы 2021 жылы қарқынды өсуді бастан өткізді. Пандемия салдарынан автомобиль тапшылығына, әлемдік тасымалдаудағы шектеулерге, электрондық компоненттердің елеулі жетіспеушілігіне және логистикадағы қиындықтарға қарамастан, жаңа автомобильдерді сату саны 25,9%-ға өсті.

12 айда 117 590 авто сатылды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 24,2 мыңға артық және 2019 жылғы деңгейден 42,4 мыңға артық. Мұндай деректерді Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) келтіреді.

“ҚАБҚ сарапшыларының болжамы бойынша, сатылымды арттыру тренді жалғасады. Сатудың өсуінің негізгі алғышарттары – отандық өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа брендтердің нарыққа шығуы, импорттаушылар ұсынатын қаржыландыру бағдарламалары және жеңілдетілген несие берудің отандық бағдарламасы”, — деп санайды қауымдастық.

Қазақстанда сатылған үш автомобильдің екеуі Қазақстанда шығарылған. Дилерлер 73 178 отандық жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техниканы сатты, бұл 2020 жылға қарағанда 9,5%-ға артық (66 805 бірлік). Ресми дилерлердің жаңа автомобильдерді сатудағы отандық өндірістің үлесі 2021 жылы 62,2%-ды құрады. Өндіріс те өсті: жыл қорытындысы бойынша ол 92 839 бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық.

Қазақстандық автомобильдердің экспорты 2021 жылдың қорытындысы бойынша 49%-ға өсіп, 12 103 бірлікті құрады. Сатудың негізгі бөлігі Ресейге (6 833) және Өзбекстанға (4 534) тиесілі. Сондай-ақ, отандық автоөнеркәсіптің өнімдері өткен жылы Беларусь, Қырғызстан және Әзірбайжанға сатылды.

Неғұрлым аз болса, соғұрлым қажет

Екінші деңгейлі нарыққа келетін болсақ, мұнда динамика басқаша. Әзірге тек 11 айдағы деректер бар, бірақ олар белсенділіктің төмендегенін көрсетеді. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тіркеу саны 1,3%-ға қысқарып, 710,4 мың бірлікті құрады. Бұл цифрлар ҚР ҰСБ жариялаған статистикадан алынды.

Өсім алты өңірде орын алды(ең көбі – Нұр-Сұлтанда, 7,9%-ға). Ең күшті төмендеу – Қызылорда облысында (11,2%-ға).

Тіркеулер санының төмендеуі Қазақстандықтардың қалауларының өзгеруі аясында орын алды: қозғалтқышының көлемі 1 500 текше см-ден аспайтын автокөлікке сұраныс өсті; қалғандарына – төмендеді. Сонымен қатар, жалпы жағдай төмендегідей: көлем неғұрлым көп болса, тіркеудің төмендеуі соғұрлым күшті болады.

Көбірек сұранысқа қозғалтқышының көлемі 1 500-2 000 текше см жеңіл автомобильдер ие болып қалуда, олардың үлесіне 2021 жылғы қаңтар-қарашадағы барлық тіркелгендердің 47,5%-ы тиесілі болды.

Сатып алынған бес автомобильдің үшеуі – шыққанына 10 жылдан асқан

Тағы бір маңызды мәселе – бұл мәмілелердің жалпы көлеміндегі ескі автомобильдердің үлесі. Қазақстандықтар 2021 жылдың қараша айында шыққанына 10 жылдан асқан автокөліктердің 60%-ға жуығын сатып алған.

2021 жылғы қарашада республикада барлығы 79 238 авто тіркелген, оның 47 435-і 2010 жылдан кейін шығарылған. Үш жылға дейінгі жеңіл көлікпен жасалған мәмілелер саны 12 390 — жалпы санының 15,6%-ын құрады.

2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жағдай қарашаға қарағанда жақсы көрінеді. Осы уақыт ішінде барлығы 710 392 тіркеу жасалды, оның ішінде шыққанына үш жыл болмаған автомобильдердің үлесі 18,4%; 10 жылдан асқандардың үлесі – 58,3%.

Бірақ жағдай, әдеттегідей, аймаққа байланысты:

  • Атырау облысы мен Астанада 2021 жылғы қаңтар-қарашада мәмілелердің үштен бір бөлігі үш жылдан аспаған көліктерге жасалған. Тағы үш өңірде үлес шамамен 25%-ды құрайдыОңт
  • Оңтүстікте жағдай ең нашары: Жамбыл облысында тіркелген 15 автомобильдің біреуі ғана шыққанына 3 жылдан аспаған. Алматы облысында – 13-тің біреуі. Осы өңірлерде 10 жылдан асқан автокөлікті тіркеудің үлесі ең жоғары – тиісінше 79,9% және 77,3%
  • Алматы мен Алматы облысында 11 айда 120,8 мыңнан астам ескі автокөлік тіркеуден өтті — ҚР бойынша мәмілелердің жалпы санының 30%-ға жуығы
  • Екінші жағынан, Алматы мен Нұр-сұлтанға жаңа көліктерге жасалған мәмілелердің жалпы санының 34%-ы тиесілі
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз