АҚШ полициясы есірткі затын сақтады деген айыппен актер Жан-Клод Ван Даммның ұлын ұстады, – деп хабарлайды РИА Новости TMZ порталына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше,
актердің кенже ұлы 21 жастағы Николас Ван Варенберг осы жексенбіде Аризона штаты Темпе қаласында ұсталды.
Полиция оқиға орнына Варенбергтің көршілерінің қоңырауынан кейін барған. Полициядағылар Варенбергтен және оның көршілерінен жауап алып, кейіннен кетіп қалған.
Басылымның мәліметінше, полиция үйде тінту жұмыстарын жүргізіп, үйінен пышақ пен марихуана тапқан.