Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Жан дауысы шықты…”. Шымкентте зорланды деген балаға қатысты жаңа дерек жарияланды

122

Оқиға орнында болған жағдай подъезге орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қала тұрғындары аталған видеоны желі арқылы таратып, педофилдің әрекетін қызу талқыға салуда.

 

https://kaz.365info.kz/shymkentte-11-zhasar-balany-zorlady-degen-video-eldi-shoshytty-322222

Ғажайыптың күші болса керек, баланың айқайлаған даусын естіген егде жастағы әйел подъезге кіріп, балаға тиіскен еркекті қуып шыққан.

“Баланың жан дауысы шықты. Біреу өлтіріп жатқан сияқты. Жылағанын естідім. Ондай айқай бекерден шықпайды деп көп қабатты үйдегі есікке қарай жақындадым.

Есікті бар күшіммен ұра бастадым. Есікті аш деп айқайладым. Сол сәтте кішкентай бала ана еркекпен алысып жүріп домофонның тетігін басып үлгеріпті.

https://kaz.365info.kz/isti-zhauyp-tastajdy-zanger-okhushyny-zorlau-okhigasyna-khatysty-ashhy-shyndykhty-ajtty-306361

Бала сол кезде ана кісімен арпалысып өмірімен күресе білді. Подъезге кірсем бала жылап отыр, денесінің барлығы қан. “Басымнан, жағымнан ұрды” деп бала жылап жіберді”, – дейді оқиға куәгері.

Жеткіншекті көрген туыстары дереу 102-ге хабар беріп, полицейлерді шақыртқан. Сұмдық жағдайды тәртіп сақшылары естігенімен, “мамандар оқиға орнына дер кезінде келмеді” деп ашынады жәбірленушінің отбасы.

 

https://kaz.365info.kz/ylyma-pyshakhpen-atylgan-rahman-omar-ajelinin-olimi-turaly-ajtty-322151

Тіпті жеткіншектің зорлануы мүмкін деген хабарды естіген полицейлер қылмыскерді құрықтаудың орнына, жайбасарлық танытқан көрінеді.

“Учаскелік полиция әйтеуір кешігіп келді. “Қай жерде болды? не болды?” деп сұраудың орнына әрекет етпеді. Камераны көру керек десек те, “бізге оған “доступ” жоқ” деп сылтауы көбейіп кетті.

Сүйтіп аңырап отырғанда, біреу баламнан сұрап қалғанда, “іш киімді шешіп жіберді” деп жылап қоя берді. Содан кейін жедел жәрдем шақыртты. Дәрігерлер сондай жағдай болды дегенді айтқанда ғана полицейлер жүгіріп кетті”, – дейді баланың әжесі.

 

https://kaz.365info.kz/azgyn-shymkentte-bala-zorlady-degen-kydikti-ystaldy-322286

Ал педофилден қорлық көрген 11 жастағы балаға дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен. Қазір ол ата-анасының қасында.

Жәбірленушінің отбасы мәлімдегендей, дәрігерлер жеткіншектің зорлануы мүмкін деген қорытынды берген.

Бірақ істің ақ қарасын алдағы медициналық сараптама жұмыстары анықтап береді. Қазір сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз