Жамбыл облысында 200-ге жуық шаруашылық өткен жылы өткізген қызылшаның ақысын әлі күнге дейін ала алмай жүр. Келісім бойынша әр келіге 15 теңге төлеуі тиіс болған зауыт 2,2 миллиард теңгеден аса қарызын бермей отыр.
Шаруалар зауыт өнім қабылдаған соң екі ай ішінде есеп айырысамыз деген уәде бергенін, бірақ ақша әлі аударылмағанын айтады. Қазір шаруалар егіс жұмыстарын бастай алмай, қарызға белшесінен батқан.