Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жамбыл облысының тұрғыны әйелі мен ұлын пышақтап өлтірді (видео)

Қайғылы жағдай Байзақ ауданы Көктал ауылында болған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, отбасылық жанжал кезінде 52 жастағы кісі жары мен 29-дағы ұлына бірнеше мәрте пышақ ұрған.

Алдымен баласын мойын тұсынан орып жіберіп, кейін әйелін кескілеген. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты айтылмады. Күдікті қазір қамауда отыр.

Оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалды. Ол бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Сондай-ақ сезіктінің, психикалық ауытқуы болуы мүмкін деген күдік бар. Соған қарағанда ол жазадан құтылып кете ме деген қаңқу сөз тараған еді.

“Жоқ, жазадан құтылмайды. Ол жөнінде қылмыстық кодекспен қылмыстық шаралар көрсетілген. Яғни медициналық мәжбүрлеу шаралары. Сол бойынша жауапқа тартылады”, деді Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасының бастығы.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз