Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Жамбыл облысының үздік салық төлеушілері марапатталды

Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марапаттау рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары – Тимур Жанке, Жамбыл облысының «Атамекен» ұлттық-кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы – Бағила Абдулдаева және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – әр түрлі салада жұмыс атқаратын жеке кәсіпкерлер мен компаниялардың жетістіктерін атап өту, бизнесті адал, айқын және сауатты жүргізуге талпындыру. Жамбыл облысының экономикалық өсуіне ықпал етететін жеке кәсіпкерлер мен компаниялардың қызметіне жұртшылықтың назарын аудару.

Іріктеуге негіз болған, салық түсімінің тұрақты қарқыны, бюджетке салықтың және басқа да міндетті төлемдердің уақытында және толық төленуі, кәсіпкерлік субъектілердің салықтық міндеттерін шынайы орындауы себеп болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша әр түрлі номинацияда үздік салық төлеушілері болып:
– жеке кәсіпкерлер арасынан – С.Полывода (Тараз қаласы), А.Амитов (Сарысу ауданы), К.Кенжебаев (Мойынқұм ауданы), П.Пономеренко (Тараз қаласы), Д.Пузиков (Қордай ауданы), А.Аубакирова (Мойынқұм ауданы), Б.Есдәулетов (Тараз қаласы), И.Закрияев (Шу ауданы) саналды.

– заңды тұлағалар ішінен – «Луговой жылқы зауыты» ЖШС (Т.Рысқұлов ауданы), “Kaz-Ir Agro” (Каз-Ир Агро) ЖШС (Шу ауданы), «Сауда-Сервис» ЖШС (Шу ауданы), «Амир және Д» ЖШС (Тараз қаласы), «Жамбылхимстройинженеринг» ЖШС (Тараз қаласы), Шу орталық аудандық ауруханасы (Шу ауданы), “Кнауф-Гипс-Тараз” ЖШС (Жамбыл ауданы) және «Орталық азия қант зауыты» ЖШС (Тараз қаласы) үздік салық төлеушілері ретінде танылды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз