Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жамбыл облысында полиция «алып қашқан» қызды іздеуден бас тартуда

166

14446223_336879516660626_6421167289409732311_n

Роза Ғұбарова

— Ал келесі күні Розаның ата-анасының үйіне бейтаныс адамдар келіп, бойжеткенді үйлену үшін бір жігіттің алып-қашқаны туралы хабарлапты. Сөйтіп, ата-анасынан жастарға бата беріп, олардың үйленуіне келісім беруді өтініпті.

Баласының тағдырына алаңдаған ата-ана:

«Қызымызды көрмей, ол өз еркімен тұрмыс құрғысы келетінін өз ауызымен айтпай, келісімімізді бере алмаймыз»,

– депті.

Содан кейін келген хабаршылар бойжеткеннің қолымен жазылған-мыс қолхатты көрсетіпті, онда Роза өзін алып-қашқан жігітті сүйетіні және оған өз еркімен тұрмысқа шыққысы келетіні туралы жазыпты-мыс.

Қолхатты оқыған ата-ана қайтадан: «Егер ол мұны жазса, бізге оны көрсетіңдер, осыны бізге өз ауызымен айтсын, сонда келісімімізді береміз», – депті.

Бірақ, міне, бес тәулік өтсе де, олар қызымызды көрсетпей отыр, — дейді болған жәйтті әңгімелеген, алып-қашып кеткен Роза Ғұбарованың туысы Айман.

Полиция жайбарақат

Қыздарын алып-қашқан жігіттің аты-жөнін білген ата-ана Жамбыл облысы Қордай ауданының полициясына шағымданған. Өз арызында олар Розаны алып-қашқан жігіттің аты-жөнін көрсеткен, ол — Хан-Хан Ибрагим, осы аудандағы көрші Мичурино ауылының тұрғыны.

— Ал полиция ресми құжат сияқты сол қолхатқа сілтеме жасап отыр

Алайда ол қолхатты алып-қашушылардың өздері немесе көрші қыздың жазуы мүмкін ғой. Яғни, полиция, тіпті, алып-қашқан бойжеткенді іздеуге құлық танытып отырған жоқ.

«Бұл отбасылық ішкі іс, өздеріңіз шешіңіздер, біз ешқандай жанжал немесе қылмыс көріп отырған жоқпыз», – дейді.

Мен бірден Қордай аудандық ішкі істер басқармасы криминалдық полициясы бөлімінің басшысы, полиция капитаны Бақыт Әбдірахмановқа хабарластым. Ол маған: «Несіне байбалам саласың? Оны үйлену үшін алып-қашты емес пе. Өзі де қарсы емес екен». Мен оған түсіндіруге тырыстым: «Сіз оны өзіңіз көрдіңіз бе? Ол сізге келісетіні туралы өз ауызымен айтты ма?».

Ал ол маған:

«Араласпаңыз, бұл сіздің жұмысыңыз емес. Егер қызығушылық танытсаңыз, осында келіңіз, мен сізге барлығын түсіндіремін»,

– дейді.

Мен Алматыда екенімді айтып, тергеу шараларының жүргізілуін қалайтынымды айттым. Ол : «Жүргізіліп жатыр. Мен неліктен сізге есеп беруім керек?», – дейді. Сонда, білдей бір ауданның полициясы төрт тәулік бойы бір ауылдан бір адамды таба алмай отыр ма? Бұл не деген іздестіру шаралары? — дейді әбден ашынған Айман.

14469506_336879416660636_2204285184618473396_n

Алып-қашып кетті ме? Ол жақсы ғой, тойға барасыздар!

Полицияның мұндай қаракеті Роза Ғұбарованың ата-анасына қатты әсер етті. Қызының тағдыры туралы ешқандай хабар ала алмаған ана 30-қыркүйекте инсультке шалдығып, ауруханаға жатқызылды.

— Розаның шешесі инсультқа шалдығып, ауруханаға түсті. Бойжеткен, мүмкін, бұл дүниеде де жоқ шығар. Мүмкін, оны ұрып-соғып, қолхатты жазуға мәжбүрлеген шығар. Алайда оны ешкімнің  іздейтін түрі жоқ.

Полиция жайбарақат «оны отбасын құру үшін алып-қашты ғой», дейді. Осы дұрыс па? Ал егер ертең менің көлігімді біреу міну үшін айдап кетсе ше? Ал арғы күні біреу тұра тұрайын деп мені үйімнен қуып шығар? Ал одан кейін ляззат алу үшін мені жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлейтін болар?

Сонда бұл олар үшін қалыпты дүние болғаны ма? — дейді ызаға булыққан ұрланған бойжеткенннің туысы Айман.

Полицияның неліктен бейқам отырғаны бойынша түсінік алу үшін біз хабарласқан Жамбыл облысының ішкі істер департаментіндегілер жақын уақытта жағдайдың мән-жайын анықтауды уәде етті. kaz.365info.kz порталының редакциясы оқиғаның жалғасын назарда ұстайтын болады.

Дереккөзі: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз