Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысына, оның орынбасарына және «ГазСпецСтрой-А» ЖШС өкіліне қатысты үкім жарияланды.
Тараз қаласы №2 сотында ҚР ҚК-сі 366-бабы 3-бөлігі 2-тармақшасымен (пара алу), 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармақшасымен (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) кінәлі деп танылған Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы М.Қонысбековке, оның орынбасары Д.Атауоллаұлына және ҚР ҚК-нің 367-бабының 2 бөлігімен (пара беру) кінәлі деп танылған «ГазСпецСтрой-А» ЖШС өкілі М.Алтамировқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Көп ұзамай, пара алу барысында Д.Атауоллаұлын Жамбыл облысы сыбайлас жемқорлық Департаментінің қызметкерлері ұстаған.
Соттың үкімімен Д.Атауоллаұлы мен М.Қонысбеков Қазақстан Республикасы ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағымен, 366-бабының 3 бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, осы баптардың бөліктерімен әрқайсысына қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 000 000 теңгеден айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.
М. Алтамиров Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 367-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 3 000 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.