Жамбыл облысында 160 миллион теңгенің субсидиясын туыстарына бөліп берген басшы жұмыстан қуылды. Бұл заңсыздықты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті анықтады, деп хабарлады 77news.kz
Департамент өкілдерінің айтуынша, Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Сейдахметов жанар-жағармайға бөлінген 160 миллион теңге мөлшеріндегі субсидияны заңсыз бөлген. Ауданда ең ірі мөлшердегі субсидиялар 2014-2016 жылдар аралығында “Бектібай”, “Бектібай-1”, “Самат” және “Еркін” шаруа қожалықтарына берілген.