Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жаманқұловтың ісі: Режиссер Талғад Жәнібеков ақша жымқырғанын мойындады

“Енді не істеймін, әрине, мойындаймын!”, – деді ол.

“Міндетсінудің қажеті жоқ. Былай келісейік, сот екі үкім шығарады: ақтау немесе айыптау. Осыған дейін бізде тергеу болды, қазір жоқ. Болды. Ал сосын сіз прокурорды немесе сотты қысым көрсетті деп шығасыз. Міндетсінудің қажеті жоқ. Сіз мойындайсыз ба?”, – деп сұрады Тәкен Шәкіров.

“Мойындаймын”, – деді режиссер.

“Қазақфильм” топ-менеджері Гауһар Ысқақованың адвокаты Елена Жигаленоктің айтуынша, ол тағылған айыптармен келіспей отыр. “Ол айыптап отырған бабы бойынша келіспейді. Сөзжарыс кезінде “Немқұрайлылық” бабына ауыстыруды сұраймыз”, – деді Елена Жигаленок.

Сонымен қатар, тағы бір сотталушы – ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров келтірген шығынды компьютерлерімен өтеуді ұсынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, жалпы алғанда “Қазақфильм” АҚ “Феникс” фильмінің дайындықалды және дайындық кезеңдеріне “Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS” ЖШС-ға (Тұңғышбай Жаманқұлов – құрылтайшы) 79 миллион теңге бөлсе, оның 69 миллион теңгесі жымқырылған болып шыққан.

2017 жылдың 9 наурызында осы іске қатысты сот отырысы басталды. Сот алдына 9 адам келді: фильмнің бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссері Талғад Жәнібеков, атқарушы продюсері Наталья Юдина, “Қазақфильм” АҚ экономика және қаржы жөніндегі бұрыңғы атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, фильмнің дайындық кезеңінде түсірілім тобын басқарған директор Мәрлен Әбішев пен ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров. Оларға фильмді түсіруге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырды және жымқыруға көмектесті деген айып тағылып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз