Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Жаманқұлов “өліспей беріспеймін” деп отыр

Үкім өз пайдасына шешіледі деп ойласа керек, әйгілі актер бүгін аса қобалжып отырған жоқ. Жеңіл жазадан үміттенген Жәнібеков пен «Қазақфильмнің» топ-менеджері Гаухар Ысқақова да заттарын жинай келген екен.

Тәкен Шакиров, судья:

-Тұңғышбай Жаманқұлов 7 жылға бас бостандығынан айырылсын, 5 жыл мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынады. Рақымшылыққа байланысты, жаза 3 жыл 6 айға қысқарып, шартты түрге ауыстырылсын.

Енді басы дауға қалған халық әртісі тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруға және қаладан шығу үшін рұқсат алуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүйелі түрде есеп беруге міндетті.

https://kaz.365info.kz/zhaman-lovty-jeli-zhala-ashtanypty-241946

Жалпы, 69 млн теңгені қалтаға басты деп күдікке ілінгендердің барлығы айыпты деп танылды. Ал, ең қатаң жаза – 7 жыл бас бостандығынан айыру режиссер Талғат Жәнібеков пен жеке кәсіпкер Данияр Әбдіхалықовқа тағайындалыпты. Рақымшылыққа байланысты екеуінің де жазасы шартты мерзімге ауыстырылып отыр. Мұны естіп қуанғандар судьяның сөзін тыңдап болмай, бостандыққа асықты.

Үкіммен келіспеген тек Тұңғышбай Жаманқұлов. Өйткені, 69 миллионның бір тиынына да тиіскенім жоқ дейді ол. Сондықтан, абыройыма нұқсан келді деген әйгілі актер апелляциялық шағым түсірмек.

Айта кетсек, іс сотқа жеткен соң айыпталушылар ақшаны да жаппай қайтара бастаған болатын. Дегенмен, бас-аяғы 12 млн теңге орнына қойылыпты. Соның 6 миллионын Тұңғышбай Жаманқұлов қамаудан шығу үшін төлегені белгілі.

Сондай-ақ, сот бүгін 9 сотталушыны жәбірленуші ретінде таныған Мәдениет және спорт министрлігіне тағы 18 миллион теңге қайтаруға міндеттеді. Қаржы 1 ай ішінде аударылуы тиіс. Әйтпесе, сот шешімін орындамағандар қайтадан істі болады.

https://kaz.365info.kz/nege-otirik-ajtasyzdar-zhamankhylovtyn-zhary-malimdeme-zhasady-259142

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз