Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Жалаңаяқ қаштым…”. Алматыда таксишіні қыздар түгін қалдырмай тонап кеткен (фото)

Зардап шегушінің айтуынша, ол Айнабұлақ ықшамауданы мен Жансүгіров көшесінің ортасындағы Жұмабаев көшесімен келе жатқан. Бір мейрамхананың жанына таяғанда екі қыз қол көтерген. Тоқтағанда қыздар өздерін Төле би-Қонаев қилысына 1000 теңгеге апарып тастауды сұраған. Бұған қуанып кеткен ол қыздарды көлігінің артқы орындығына отырғызып алған. Енді қозғала бергенде есік ашылып, бір еркек алдыға келіп қонжиған. Ештеңе деместен ол жүргізушінің жүрек тұсына пышақ сілтеген.

Жігіттің айтуынша, оны қалың киімі аман алып қалған. Ол да шалт қимылдап қасындағыны жағынан қайқайтқан. Сол кезде артта отырған қыздардың бірі оны қылқындыра бастаған.

Жігіт газды аямай басады. Бірақ жанынан ойқастып атып шыққан қара түсті Mazda оны жолдың шетіне тықсыра бастапты. Ақыры әупірімдеп келіп тоқтаған оны бес жігіт көліктен жағасынан ұстап алып шыққан. Олар көлікті тінтіген. Ал жігіттің үсті-басына қараған олардың көзі аяқ-киіміне көзі түсіпті. Сөйтіп аяқ-киімін шештіріп алған. Оның үстіне несие төлеуге тығып жүрген 150 мың теңгесін олар көліктен тез тауып алған. Бұдан бөлек көлікте ноутбук пен екі телефоны – Samsung пен iPhone болыпты. Ұрылар, неге екені белгісіз, Samsung-ті қана алыпты.

https://kaz.365info.kz/konildeske-kondim-zhokhshylykhtan-khinalgan-taksishinin-ajeli-osylaj-dejdi-287888

Содан соң жігітті өз көлігінің артқы орындығына отырғызып алып кеткен. Бірнеше метр жүргенде зардап шегуші қасындағы қызды жұлқылай бастаған. Рөлдегі көлікті тоқтатқан кезде жігіт люкті ашып, машинаның төбесінен секіріп шығып кеткен. Қуғандар жетпес үшін Мерседес көлігінің жүргізушісі автожолдың қарсы бетімен жалаңаяқ құйғытқан. Бір демін алған кезде ол такси ұстап, жақын маңдағы Айнабұлаққа 1000 теңге деп отыра кеткен.

Ол өзінің басына түскен жайтты түнгі әріптесіне асығып айтып береді. Ол Айнабұлақ емес, онда Солтүстік орама жолдан тастайын, қосымша ақы төле деп ілтипат білдіреді. Ақыры жігіт полицияға хабар беруге мүмкін алады. “Ұстау” жоспары бірден жарияланып, екі көлік іздестіріле бастайды.

Көп ұзамай алдыңғы және артқы терезі сынған Mercedes көлігі көшеден табылады. Бірақ полициядағылар оны сыртынан бақылайды. Бір уақытта Mitsubishi Galant көлігі келіп тоқтаған.

https://kaz.365info.kz/kharagandyda-ajel-taksistin-olimine-khatysy-bar-zhana-kydiktiler-ystaldy-287135

Тысқа шыққан оның жүргізушісі далада қалдырылған әлгі көлікті айналдыра қарай бастайды. Сол кезде оның қолына кісен салынды. Ол бұл көлік иесін танимын, содан соң тоқтағам депті. Алайда зардап шегуші танымайтынын, оның ұрылармен қандай да бір байланысы барына сенімді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз