Мен колледжде оқимын. Жасым – 16-да. Өткен жылы бір жігітпен ВК-да таныстым. Кездесуге көлікпен келді. Өзі де, киім-киісі де келісті. Өте мәдениетті. Қыдыртады, арасында гүл әкеп береді. Менің қуанышымда шек болмады. Өте бақыттымын. Әрі құрбыларыма: „Міне, жігітім„ деп көрсетіп, онымен мақтанатын болдым.
Иә, колледж қыздары арасында жігіті жоқ қыз – жаман. Сондай түсінік бар бізде.
Негізі, 6-7 сыныпта қыздардың жігіті пайда болады. Одан бері сынып жоғарылаған сайын жігіті бар қыз көбейе береді. Ал қалып кеттің бе, сен сорлысың, бітті. Сенімен ешкім сөйлеспейді. Шеттетеді. Тіпті, мазақ қылады. Уродка дейді. Бұл – келемеждің ең жеңіл сөзі. Ақыры құтылдам ба деп кеңінен тыныстайды екенсің жігіт пайда болғанда, мұндайда.
Әрине, төсек қатынасына жігіт мәжбүрлемесе қыз бармайды ғой. Әр қыз өзін гүл сезінеді. Жігіті оны аялап өтеді деп ойлайды. Ал менің жігітім деген Арман бір айдан соң көлігімен қалтарыс жерге апарып, жабыса бастады. Жәй сүйсеміз, болды деп ойладым аңғалдықпен. Жоқ, ол одан әріге барғысы келді. Мен өзімнің қыз екенімді, ол жағына асықпайтынымды айттым. Ол оған ішек-сілесі қатып күлді.
– Қыз емес қыз көп қазір. Кете салам, бұлданбашы деді Арман. Сөйтіп ол екі аптаға жоқ боп кетті. Менен маза кетті. Ұйқым ұйқы емес, күлкім күлкі емес, ішкенім ас емес. Асылымды жоғалтып алғандай мең-зең күй кештім. Ақыры Арманға өзім звандадым.
– Не келісесің бе, – дейді.
– Иә, – дедім мен іштегі сезімге қарсы тұра алмай тұншыға.
https://kaz.365info.kz/tonkhajta-saldy-oz-tojynda-bi-bilegen-khalyndykh-maskhara-boldy-video-333655
Сабақ аяқталмастан алып-ұшып жетіп келіпті колледжге. Шық-шық деп звандай берген соң сабақтан қашып кеттім. Екеуміз бір қонақүйге бардық. Ол өзіне сыра алды. Көлікте емессің бе деп едім, ертеңге дейін кетеді ғой дейді. Шошып кеттім. Жоқ, мені үйдегілер іздейді деймін. Бірақ ол сол түнге қалуға көндірді мені.
Оның құшағында жатып, өзімді өте бақытты сезіндім. Бәрін ұмыттым. Таңертең тұрып, есімді жинадым. Үйге баруға қорықтым. Бірден құрбымның үйіне тарттым. Қоңырауды бассам мамасы шықты.
– Ойбай, қайда жүрсің, әке-шешең сені жер-көктен іздеп жатыр ғой, – дейді. Ұялғанымнан теріс айнала бергенімді ол кісі қолымнан шап беріп ұстап алды.Шәй берді, ештеңе сұрамаймын, осылай отыра тұршы деп өтінді. Көп ұзамай мамам келді. Жылап жүр. Ұрыспаймын дейді. Сөйтіп үйге алып кетті. Жүрегім орнына түсті. Енді бұлай істемеймін деп әке-шешеме үйіп-төгіп уәде бердім.
Сабаққа барсам колледж алдында Арман көлікпен тұр. Қасынан байқамаған боп өте шықпақ болып едім, жоқ, ол келіп қолымнан ұстап алды.
– Кеттік, – дейді. Сабағым деп аузымды ашып үлгергенше көлігінің ішіне бір-ақ тықты. Тағы да сол қонақүйге бардық. Әке-шешемнің іздегінін, өзімнің қатты қорыққанымды айттым.
https://kaz.365info.kz/17-zhyl-bojy-zhynmen-tosektes-bolyp-zhyrmin-degen-ajel-zhyrttyn-zhagasyn-ystatty-video-333672
Ол сабақ аяқталды-ау деген кезде үйіме әкеп тастап жүрді.
Осылай кездесулеріміз жалғасып жүрді. Бір күні ол менен 50 мың теңге сұрады. Менде ондай ақша қайдан болсын? – Тапшы, – дейді. Сұрастырып көрдім, бірақ жоқ.
Сол кезде Арман телефонын алып шықты да бір видеоны көрсетті. Оны көріп өз көзіме өзім сенбедім. Екеуміз, тыр жалаңаш, қонақүйдегі көрініс, ары қарай айтудың өзі ұят.
– Мұның не, – деп шыңғырып жібердім.
– 50 мың, жоқ бүгін 100 мың теңге тауып әкелмесең мұны Интернетке салам дейді. Сылқ етіп, жерге отыра кеттім. Тағы бірдемелер айтып жатқан, естілмейді мүлде. Көзім қарауытып кетті. Сүйген адамның сатқындығы деген қандай жаман. Бір сәтке өмірден түңіліп кеттім. Бірақ ол менің хал-күйіме қарар түрі жоқ. Көріп тұрмын. Не істеймін енді?..
https://kaz.365info.kz/bytymdy-ashamyn-taksi-ystap-zhigit-izdejtin-kelinshek-agynan-zharyldy-18-332629
– Қандай бағалы зат бар, алып шық, – дейді ол біздің үйдің жанында келгенде. Үйдегілер жұмыста болатын. Анамның алтын алқасы бар еді, соны алып шығып бердім. – Енді ана видеоны өшір дедім. Ол күлді де өз жөнімен кетті. Көп ұзамады.
3 аптадан соң қайта звандап тұр. Жүрегім дір ете түсті. Бір жамандықты сезгендей. Ол видеоны өшірмепті. Тағы нең бар дейді, – зәрлі үнмен ар жақтан.
Мен бұл бопсалауға енді тоқтау жоғын түсіндім. Әбден тығырыққа тірелдім. Жоқ, өзіме қол салуды ойлағам жоқ. Бірақ шешім таппай, басым даң-дұң. Бір үрей іштен мені жеп барады. Ана екеуміздің видеомыз Интернетке шығып кетсе, қайтем? Мені қойшы, болашағымнан үлкен үміт күткен әке-шешеме не болады? Мұндайда қайткен дұрыс?..
Аружан, Алматы облысы
https://kaz.365info.kz/khalyndygynyn-zhezokshe-ekenin-bilgen-zhigit-ony-atyp-tastady-foto-330825