Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
8
USD
427
+0.77
EUR
498
+4.39
RUB
6.02
+0.05

Жалғыз баспанасын заңсыз тәркілеу туралы шешім шығарған соттар әшкереленді

Борышкердің қарызды жабуға жетерліктей ақшалай қаражаты болмаған жағдайда, оған тиесілі басқа мүлікті өндіріп алуға болады. Басқа мүлкі де жеткіліксіз болғанда, борышкердің атқарушылық құжатқа сәйкес өндірілетін көлемнен құны асып түсетін мүлкін өндіріп алуға болады. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл талаптар сот орындаушылары тарабынан әр уақытта сақтала бермейді, – деді Нүрия Сисенова.

Мәселен, судьяның айтуынша, соттың күшіне енген шешімімен азаматтан шағын несиелік ұйымның пайдасына 2 млн 200 мың теңге көлемінде қарыз өндіріп алынған. 2014 жылдың қаңтарында атқарушылық өндіріс ісі қозғалған. Жеке сот орындаушысы азаматтың ақша қаражатының бар-жоғын анықтаған. Оның болмауына байланысты, 2015 жылдың 9-шілдесінде жеке сот орындаушысы азаматқа тиесілі тұрғын үйді өндіріп алу туралы қаулы шығарған. Бұл шешімді сот санкциялаған. Жоғарғы Сотта аталған істі қарау барысында ҚР Конституциясының 25-бабы талаптарының бұзылғандығы анықталды.

Айта кетейік, бұл жайында ол елордада өтіп жатқан «Сот актілерін заңнамалық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке сот орындушылары институтын одан ары дамыту» тақырыбындағы халықаралық конференцияда мәлім етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз