Мына масқара жағдайды жазып, түсіндіріп жатудың өзі артық. Алматының бір сұмдығы осындай:
https://kaz.365info.kz/kozim-kordi-zhezokshelerimizdin-khyzygyn-khytajlar-korude-taksistin-syry-316569
Айта кетсек, бұдан бұрын қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді өзінің әніне қосып айтып жүретін қазақстандық рэпер Жан Ахмадиев енді жезөкшелердің соңына шам алып түскен ол. Ол Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында тұратын жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, бұл сәттің видеосын Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген.
«Түнгі көбелектерге» ол алдымен клиент ретінде барып, әңгімеге тартады, саудаласады. Кейін мораль оқып, артынша қамшымен сабайды. Диалог былай өрбиді:
Үшеуіңіз де қазақтың қыздарысыз ғой, иә?
— Иә!
— Қай жақтың қыздары боласыздар?
— Шымкенттен, бәрібір емес пе қай жақтан болатынымыз.
— Былай жалпы намыстанбайсыңдар ма, қазақтың қызы бола тұра осындай тән сатып, ар сатумен айналысып жүрсіңдер ғой.
— Ақша үшін айналысып жүрміз ғой…
— Ақша дей ме? Мен онда бүгін сендерді сабауға келдім, шешеңді…
Кейіннен осы қылығы үшін жұрттың сөзіне қалған Жан Ахмадиев атышулы видеоны желіден өшіріп тастаған.
https://kaz.365info.kz/aza-yzdary-a-sha-shin-b-tyn-ashu-a-dajyn-t-rikter-bizdi-osylaj-mys-yldajdy-229269