Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жағдай былай…”. Жеңілген Головкин кездесуге қатысты пікір білдірді

167

https://kaz.365info.kz/toreshiler-sheshimine-nazalangan-golovkin-ringten-ketip-khaldy-video-332021

Ал бұл жолғы кездесуде әділ қазылар шешімімен Сауль Альварес жеңіске жетті: 115-113, 115-113, 114-114.

Гена өзінің кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісін тапты және WBA Super, WBC және IBO санаттары бойы чемпиондық белбеулерінен айырылды.

“Бұл кездесуде кімнің жеңгенін айтып отырғым жоқ. Жеңіс төрешілер шешімімен Канелоға бұйырды. Жанкүйерлер үшін керемет кеш сыйладық деп санаймын. Өз басым қарсыласымнан артық жұдырықтаспасам, кем өнер көрсеткем жоқ деп есепеген едім…” , – депті Головкин. 

https://kaz.365info.kz/zhengen-zhokh-belgili-sarapshy-golovkin-men-alvares-arasyndagy-kezdesuge-khatysty-pikir-bildirdi-332015

Ал екеуінің арасында қарымта кездесудің өту-өтпеуіне қатысты: 

“Талаптары көңілден шықса неге кездеспеске?!”

– деп пікір білдірген екен.

Айтпақшы, Альварес те Головкинмен үшінші мәрте кездесуге кет әрі емес. 

“Екінші кездесуде таза жеңіске жеттім. Әзір осы жеңісті тойлайтын боламын”, – деп ағынан жарылыпты мексикалық. 

https://kaz.365info.kz/golovkin-zhenilip-khaldy-video-332006

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз