Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Жабысып қапты…”. Көңілдесімен бірге ауруханаға түскен еркектің масқарасы шықты

1856

Жауқазын Есжанова есімді желі қолданушысының мына жазбасы жаға ұстатты. Қаз-қалпында беріп отырмыз. 

Көзіне шөп салған әйелімен қайта қосылған еркек: «Бекер кешіріппін…»

“Естімеген елде көп демекші, кеше бір шетелдік сайттан Индонезиядағы бір ерлі-зайыптының уақиғасын оқып, шок болдым. Кез келген келіншектің басына түсетін жағдай ғой бұл. Еркегі шөп салыпты көзіне.

Оны қанша білдіргісі келмесе де әйел, шіркін біздер, бәрібір сезіп қоямыз ғой. Оның әйелі де сезген. Бірақ үстінен түспеген соң іштей тынып жүрген. Қай күні сарт етіп, ұсталады екен енді деп дүдамал күйге түскен.

Көбіне звандап жатқанда ұстап аламыз. Не болмаса түнделетіп кетіп бара жатқанда ізіне түссең жетіп жатыр. Ал мына оқиғада, тіпті масқара болыпты. Түн ортасында әйеліне ауруханадан қоңырау келіп түседі. Бәленше-бәленше деген Сіздің күйеуіңіз бе дейді. Иә десе, қазір жетіңіз осында, күйеуіңіздің өлі денесін алып кетіңіз депті. Сол арада аңырап бақырған келіншек сәл есін жиған соң ауруханаға барса оны төсекке алып барыпты.

Төсекте шашы жалбыраған тыр жалаңаш әйел отыр дейді. Түкке түсінбеген оған ары қарай үңілсе күйеуі жатыр дейді астында бейқам тіпті. Сол сәтте қаны басына шапшыған әйел жан-жақтағылардың айтып жатқанын естімеген.

Жалбыр шаштан бас салып әлгі жалаңаш әйелдің быт-шытын шығарған. Аурухананың дәлізімен біраз жерге сүйресе керек. Өшін алып, ашуы басылғандай болғанда мән-жайды сұрайды ғой жан-жағындағылардан. Сөйтсе жалаңаш әйел расында күйеуінің нақсүйері екен.

Інісімен жатқан ба? Анджелина Бред Питтің көзіне шөп салыпты (фото+видео)

Масқара болғанда төсек қатынасы кезінде ер адамның жүрегі тоқтап, көз жұмған. Әбден шошынған әйел еркектің үстінен түсе алмай қалған.

Сөйтсе екеуі жабысып қапты. Иттер жабысып жүруші еді ғой ауылда. Тура сол секілді. Осылай ауруханаға кеп түскен ғой. Әйелге қанша дәрі берсе де ашылуы тиіс жері ашылмай қойыпты.

Ақыры олар өлген адамның үйіне звандаған. Не істейміз, әйтеу өлді ғой, мүмкін онікін кесе салайық деп шешіпті. Тек ол үшін туғандарының рұқсатын алайық деген ғой. Бірақ дәрігерлердің көмегенсіз бұл істі әйелі осылай тындырып жіберіпті. Масқара, иә. „Құдай алсаң дұрыстап ал„ деп апам бекер айтпаған екен деп қойдым мұны оқып ап…

«Тағдырым солай». Бала туу үшін күйеуінің көзіне шөп салған әйел

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз