Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Інісімен жатқан ба? Анджелина Бред Питтің көзіне шөп салыпты (фото+видео)

191

Елдің сөзіне сүйенсек, Анджелина мен Брэдтің ажырасуына Джолидің інісі Джеймс себеп болған.

Питт пен Джолидің ажырасуы жайында деректі фильм түсірген режиссер Ян Гальпериннің сөзінше, актрисаның туысы олардың үйіне қоныстанып алған.

“Джеймстің олардың отбасына жақын болғаны соншалық, ол солармен бірге өмір сүрді. Ол Брэдтің титығына тиді. Энжиге таңдау жаса деді: не мен, не ол» – дейді режиссер.

Ең қызығы, Анджелина мен оның інісінің арасындағы байланыс туралы ел бірінші рет дүрлігіп отырған жоқ. Бұған дейін папарацция бірнеше рет туыстардың сахна сыртында сүйісіп тұрғанын түсіріп алған.

Ал 2000 жылы жанкүйерлер Анджелина мен Джеймстің қызыл кілем үстінде құмарға толы сүйісуінің куәсі болған, деп жазады Radar Online.

“Болған оқиға жайында сыбыстар құлағыма келіп жетті. Дегенмен, мұның жарнамалық амал болғанын түсінемін, алайда екінші жағынан ел сүйістің тым шынайы болғанын айтып жатыр”, – деген еді Брэд Питт.

Гальпериннің пікірінше, “жұп Брэдтің агрессияшыл қатынасының кесірінен ажырасты” деген болжам шындыққа жанаспайды.

“ФБР Питтің кінәсіздігін толық дәлелдеді”, – деп атап өтті режиссер.

Янның сөзіне қарағанда, қазір Джеймс пен Анджелина балаларды бірге тәрбиелеп отыр.

Еске салайық, Джоли 2016 жылдың қыркүйегінде ажырасуға арыз берген болатын. Актриса күйеуінің өз баласына дөрекілік танытқанын айырылысуға себеп қылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз