Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бас прокурор: Радикалдардың көпшілігі исламның не екенін білмейді

Оның артында не кәнігі бандит не маргинал тұрғанын анық білеміз. Айтқандай, олардың көпшілігі исламның не екенін білмейді. Құранды оқымаған немесе әдейі оқығысы келмейді, жұмыс істеуге құлқы жоқ, отбасылық құндылықтар мен мемлекет институттарын жоққа шығарады, биліктің көмегінен бас тартады.

Бұны түсіну бізге жақын арада оларға қарсы іс-қимыл жасаудың тәсілдерін түзетуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Сондай-ақ Бас прокурор теракт кезінде не істеу керектігін білу үшін өңірде 30 дәріс өткізілгенін айтты.

– Егер ақпарат болмаса, төтенше жағдай кезінде қандай дүрбелең болатынын бәріміз білеміз. Сондықтан 500-ден астам журналистер, блогерлер, баспасөз хатшылары үшін арнайы тренингтер өткіздік. Олар шиеленісті жағдайларда хабарлау шеберліктерін меңгерді.

Әрбір азаматтың теркат немесе оның қаупі кезінде не істеу керектігін білуі маңызды. Бұл үшін бір ай ішінде аймақтың 23 мың тұрғынымен 199 іс-шара өткіздік. Бұл дағдыларға сондай-ақ 2,5 мың мектеп оқушысы мен олардың мұғалімдері үйренді. Олар үшін 30 сабақ өткізілді, – деді Асанов.

Терактілерден қорғану жүйесін үйрету үшін 49 объектіде жаттығу жүргізілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз