Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астана неге сасық-ей? Әлде Жақсыбеков жұртты алдап отыр ма?

f24fb1d63c980422e9ff81d0168Міне, осы күрделі мәселені Әділбек Рыскелдіұлы айналасы 5-6 айда шешемін деп құлшынып отыр.

Ал қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов тоғандағы сасық судың мөлшері 2200-ден 1600 текше метрге дейін төмендегенін айтады. Бұл Талдыкөлдегі кәріз судың 37 пайызының тазарғанын білдіреді. Ал қалған 60 пайыз жұмысты 5-6 айда аяқтау мүмкін емес. Бұл белгілі экономист әрі Астананың байырғы тұрғыны Жангелді Шымшықовтың пікірі.

Астананы сасық иістен тазартып, Талдыкөл мәселесін бір жақты шешуге 6 миллиард теңге қаржы жеткілікті болатын. Алайда маған

бұл арада бармақ басты, көз қысты әрекет бар сияқты болып көрінеді.

Мәселен, жыл сайын Астана көшелерінің жолдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатады. Бұл мәселені бір сәтте шешіп тастауға болар еді. Алайда жыл сайын белгілі бір компания тендер арқылы жолды жөндейміз деп қаржы алады. Менің ойымша, Талдыкөлдегі сасық иістің мәселесін бір жақты шешпей. шенеуніктер әдейі созып жатқан сияқты. Әйтпесе, 6 миллиард теңгеге Талдыкөлдегі шалшық суларды тазартып, Астананы сасық иістен арылтуға әбден болар еді, – дейді Жангелді Шымшықов.

Ал эколог Ғани Әбілбеков жағымсыз иістің адам денсаулығына аса қауіпті екенін айтады. Сондықтан да ол Елорданы жағымсыз иістен тез арада арылту керек деген пікірде.

Талдыкөл

Талдыкөлге 1970 жылдан бері биологиялық қалдықтар төгіліп келе жатыр. Алайда соңғы жылдары Астана халқының саны елеулі артып, нәтижесінде, Талдыкөлге жиналатын қалдық сулардың қоры молайды. Сондықтан да Астанадағы жағымсыз иіс бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда күшейе түскен. Негізі, тиісті мекеме кәріз суларын Талдыкөлге жетпей жатып тазартады. Әйтсе де, қанша жерден қалдық суды тазартқанымен жағымсыз иістен құтыла алмай отырмыз. Өкінішке қарай, осы жағымсыз иіс адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Мәселен, жағымсыз иісте күкірт қышқылы шамадан тыс көп болады. Соның салдарынан сасық ауамен демалған адамның басы ауырып, мазасы қашады. Тіпті, кейбір адамдардың күйзеліске ұшырауы мүмкін, – дейді Ғани Әбілбеков.

Эколог Талдыкөлдегі қалдық суларды пайдалы іске пайдалануға болатынын айтады. Нақтырақ айтсақ, ол аталған жердегі билогиялық қалдықтармен жерді тыңайтуға болады деген пікірде. Егер басшылық осы жұмыстарды қолға алса, бір оқпен екі қоян атып алар еді – біріншіден, қаланың ауасы жағымсыз иістен арылады, екіншіден, билогиялық қалдықтарды ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыш жасауға пайдалануға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз