Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жаңаөзенде сабақтан қалған баланың анасы 15 мың теңге айыппұл төледі

Кәмелетке толмаған баласының тәрбиесіне жүрдім-бардым қараған әйелді сотқа беруге тура келген. 2016-2017 жылдардың оқу жылында екі айда, яғни қыркүйек пен қазан айларында жаңаөзендік 11-сынып оқушысы себепсізден 65 сабақтан қалған.

Шешесі баласының сабақтан қалып жүргенін біле тұра ешқандай әрекет қылмаған.

Сот талқысы кезінде әйел өз кінәсін мойындады. Сот баланың анасын 127-баптың 1-тармағына сәйкес кінәлі деп тапты. Оған 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 айлық есептік көрсеткіш – 2121 теңге), яғни 14 847 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз